astana-view

«Атамекен» бизнес-тренерлерді «Бастау» жобасына шақырады

2019 жылғы 06 Тамыз
17059 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау» жобасына бизнес-тренерлер пулының кеңейтілетіні туралы хабарлайды

Үміткерлерге қойылатын негізгі біліктілік талаптар:

  • жас ерекшелігі 26-жастан жоғары;
  • әсіресе ауылдық жерде бизнес-жобаларды іске асыру, сүйемелдеу бойынша тәжірибенің болуы;
  • бизнес-жобалау негіздері, қаржылық модельдеу, салық салу, бизнеспен айналысуда мемлекеттік реттеу шараларын білу;
  • бастауыш кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі, 15-тен 70-ке дейін адаммен, сондай-ақ жекелей жұмыс істеу алу;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде кәсіп бастағысы келетін кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шаралары туралы білу;
  • ауылдағы нарықтың ерекшелігін және бизнестің негізгі түрлерін түсіну, жергілікті жерде өткізу тізбегін құру;
  • жоғары коммуникативті біліктілік, оның ішінде менторлық немесе коуч машықтары, тыңдаушылармен кері байланыс орната білу, РR-жылжыту;
  • өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бір командада жұмыс істей білу және мемлекеттік органдар және жоба әріптес қарым-қаттерімен қарым-қатынас.

Сізден керегі:

  • Кәсіби көзқарас, жобаға толық берілу;
  • Белсенді позиция, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға қызығушылық таныту;
  • Біліктілік және тәжірибемен бөлісуге дайын болу, сонымен қатар жұмыс барсында жеке біліктілікті үнемі дамыту;
  • Лектер арасындағы үзілістерді есепке алып, оқу жүретін жерде (аудан орталығы, ауыл) үнемі болу;

Жобадан не аласыз:

  • Ұлттық деңгейдегі ірі жобадағы жұмыс тәжірибесі;
  • Қызмет көрсету келісімшарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2021 жылға дейін жалғасады) және кәсіби даму;

Бизнес-тренерлерді ашық іріктеу жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

1-кезең – түйіндеме, мотивациялық эссе жіберу;

2-кезең – бизнес-жобалау бойынша біліктілікті анықтау және қаржылық модельдер үшін практикалық жаттығуды орындау;

3-кезең – тренерлерге арналған 5-күндік тренингке шақырту алу/ кәсіби биліктілікті тестілеу арқылы растау (алдыңғы кезеңнен сәтті өткен соң);

4-кезең – кадрлық қорға ену;

5-кезең – жобаға шақырту алу.

Егер жобаға қызығушылық танытсаңыз, түйіндемеңізді мына электронды мекенжайға жолдаңыз: cvbastau@gmail.com.

«Бастау» – 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 80 ауданда басталған оқу бағдарламасы, 2018-2021 жылдар аралығында 160 ауданды қамтиды.  

 2018 жылы жоба бойынша оқуға  бүкіл Қазақстаннан 28,5 мың адам қатысты. Ауыл тұрғындары 30 күн бойы 12 модуль бойынша оқыды. Нәтижесінде 7 мыңнан астам адам жеке кәсібін ашты. Бір жылдық жоспар 100%-ға орындалды, ал Батыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы жоспарды 160%-ға орындады.

 Жоба мақсаты: жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнес-жобаларды сүйемелдеу мен қолдау арқылы жұмыспен қамту деңгейін арттыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер