astana-view

Алматыда ЕАЭО шеңберінде іске асыруға болатын ІТ-жобалар талқыланды

2019 жылғы 05 Ақпан
2224 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның қатысуымен өткен ІТ-Кеңес барысында компаниялар жеке өнімдерін таныстырды

 ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) цифрлық күн тәртібі шеңберінде бастамалар туралы әңгімеледі. Бастамалар ішінде Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, қосалқы мердігерлік және технологияларды желісін құру бар. Яғни, Одақ елдерінің қатысушылары арасында серіктестер мен жеткізушілерді іздеу, субконтрактация және технологиялар трансферті механизмін қамтамасыз ететін алаңдарын құру көзделген.  

«Ресей тарапы «Одақ азаматтар мен кәсіподақ ұйымдары арасында ақша аударымдары жүйесін дамыту», «Азық-түлік өнімдері үшін көтерме сауда орталықтарының желілері және ЕАЭО елдерінің басқа өнімдері», «Шағын және орта бизнес үшін цифрлық сауда алаңын құру», сонымен қатар «EiСоюз» интернет-платформасын құру» сияқты жобаларды келешекті деп атап өтті», – деді Юлия Якупбаева.

Оның айтуынша, елдерден 40-қа жуық бастама ұсынылған. 20-дан астамы қабылданбады. Қалғаны дамудың түрлі сатыларында.

 

«Сіздермен бірге Қазақстанның бизнес-қауымдастығынан цифрлық жобалар мен бастамаларды талқылауды қалаймын. Бірақ олардың басты ерекшелігі бұл жоба Одақтың барлық елдеріне қатысты болуы тиіс», – деді ол.

 IT-кеңестің мүшелері ЕАЭО аясында жүзеге асырылуы мүмкін өнімдерді ұсынды.

Алексей Беседин Алматы қаласының қоғамдық көлігінде әзірленген және сәтті жүзеге асырылған SMSBUS электрондық билеттерді сату жүйесі туралы айтып берді, бұл жүйе барлық көлік түрлерінде төлем жасауға ыңғайлы.

«Cloudmaker» ЖШС жоғары сапалы TOP KSK жобасын ұсынды, оның көмегімен есептеуіш құралдарынан көрсеткіштерді ыңғайлы түрде алуға және сервистік компанияларға  жіберуге болады.

Есептеу құрылғыларынан деректерді жинауды автоматтандырудың тағы бір жобасы «ЭлтексАлта» ЖШС ұсынды. Бұдан бөлек  компания «SMART HOUSE» жүйесін әзірледі, ол апаттық жағдайларды (судың ағып кетуін) бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ датчиктер арқылы  терезелер мен есіктердің қозғалысымен қауіпсіздікті бақылауға болады.

 «ҚБТУ Инженерлік және ақпараттық технологиялар институтының» бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Қайыржан Қожалы өздері әзірлеген жобалар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ диспетчерлік орталығының аналитикалық жүйесі, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-та баланстарды есептеу мен қалыптастыру жүйесі дичпетчерлік орталығы, Алматы қаласындағы Smart City мастер-жоспары туралы айтып берді. Соңғы жоба шеңберінде компания тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім, экономика, көлік және оңтүстік астананың қауіпсіздігі бойынша мастер-жоспарларды ойлап тапқан.

 Кеңестің тағы бір мүшесі – «ZerotoOneLabs» компаниясының директоры Алмас Тұяқбаев төрт жыл бойы өзінің әлеуметтік жобасы – nFactorial жазғы инкубаторында тегін оқытуды жүргізіп келеді. Олар үздік тыңдаушыларды таңдап, Blockachine және ML технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық жасақтама әзірлеуді,  тұтынушылардың санын күрт өсіруде дизайн және маркетинг арналары бойынша үйретеді.

«Жоба толығымен әлеуметтік. Төрт жыл бойы әр жаз сайын еңбектеніп, нарыққа 410-нан астам әзірлеушіні таныстырдық. Бізде жарты шығынымызды өтеп берген демеушілеріміз болды, ал жалпы алғанда бұл әлеуметтік жоба. Түлектеріміздің 5-10%-ы шетелге кетті, қалғандары елде жұмыс істейді. Әр ірі компанияда біздің түлектер жұмыс істейді», – деді Алмас Тұяқбаев.

Инкубатор қатысушылары жоғары оқу орындағы бір жылдық оқуды демалыссыз, таңнан кешке дейін 2,5 ай ішінде оқып шығады, бағдарламалау кеңістігіне беріліп, бас алмай оқиды. Курс тыңдаушыларына менторлар көмектеседі. Қазір 20 ментор бар, олардың ішінде Facebookте әзірлеушісі Нұржан Бакибаев, MicrosoftIreland-тегі әзірлеуші Мақсат Маратов, check24.de-те әзірлеуші болған Ержан Байымбетов бар.

 Юлия Якупбаева отандық компаниялар өте қызықты жобаларды ұсына алатынын алға тартты, және Алматы IT-қауымдастығынан ЕАЭО аясында оқуға арналған жобалардың пулын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Атамекен» палатасы мен Одақ елдерінің басқа іскерлік бірлестіктері бизнес-қоғамдастықты «нөлдік циклден» цифрлық бастамаларды қарауға қосу туралы ұсынысты бастады. Жақын арада біз қазірдің өзінде енгізілген бастамалар мен жобалардың тізімін аламыз деп үміттенемін. Сол уақытта бізге жобаларға сараптама жасау үшін IT-Кеңестің  белсенді көмегі қажет. Әрине, басқа да сараптамалық сайттар бар. Біз Қазақстаннан жобалар қорын көбейту мақсатында барлық мүдделі тараптармен кездесу ұйымдастыратын боламыз», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер