astana-view

МАҒАН КӨМЕК ҚАЖЕТ! Мәселенің шешімі «Менің Атамекенім» порталында

2019 жылғы 08 Ақпан
16178 просмотров

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев  Атырауда өткен баспасөз маслихатында «Менің Атамекенім» порталын таныстырды

 Әлеуметтік мәселелердің шешуге бағытталған «Менің Атамекенім» жобасы өткен жылы қолға алынған. Еліміздің әр  аймағында осы бағытта арнайы сауалнама жүргізіліп, жүйелі мәселелер жайында ақпарат жиналды.  Сауалнама нәтижесінде ел бойынша жақын арада шешімін күтіп отырған 17 895 әлеуметтік мәселе анықталып, аталмыш порталдың «Әлеуметтік мәселелер картасы» және «Ұсыныстар пакеті» бөлімдерінде  жүйеге тіркелуде.

Енді жоба аясында әлеуметтік жағдайы тығырыққа тіреліп, қиын жағдайға түскен кез-келген азаматқа өз өтінішін хабарлауға мүмкіндік беретін «Менің Атамекенім» платформасына арнайы  механизмдер іске қосылған. Өз кезегінде платформада кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтардың мұқтаж жандарға көмектесу жолдары ұсынылады.

 Халықтан келіп түскен өтінімдерге жасалған талдау бүгінде әсіресе көпбалалы отбасылар үшін өзекті мәселелердің бірі – баспанамен қамтылу екенін көрсетті.

«Баспанаға мұқтаж адамдардың толық тізімін анықтағымыз келді. Қандай мәселе өзекті екенін білу  маңызды, өйткені, егер 10-20 шаршы метрде 5 адам  тұратын болса, бұл қатер аймағы. Біз мұны нақты түсініп, сол адамдармен жекелей жұмыс істеуіміз керек. Жұмыстың мәні осында. Портал осыны анықтауға жол ашады. Бірінші кезекте өте ауыр өмірлік жағдайда қалған адамдарға назар аударамыз және олардың мәселесін шешуге көмек беруге дайын кәсіпкерлерді осы жұмысқа тартатын боламыз. Айтқым келетіні, көмек беруге дайын азаматтарымыз елімізде бар», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Бұл платформа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасына қолдау танытқан әлеуметтік жауапкершілік танытып отырған кәсіпкер Мирус Құрмашевтің қолдауымен әзірленді. Кәсіпкердің жеке пікірін іс-шараға Skype-байланысы арқылы  қосылып, платформаның мүмкіндіктерін түсіндірді.

 «Маған көмек керек» деген батырма бар, оны басқанда сауалнама үлгісі  шығады. Форманы жүктеп, басып шығарып, жеке мәліметтерді толтыру керек. Толтырылған сауалнаманы сканерден өткізіп, сайтқа жүктеу керек. Осылайша, мәселе жүйеге жіберіледі, «Әлеуметтік мәселелер картасына» тіркеледі», – деді Мирус Құрмашев.

Егер өтініш қалдырушы қандай да бір сұрақтар туындап жатса, 1432 нөмірі арқылы Байланыс орталығына хабарласып, өтінішті қалай толтыру керектігі жайында көмек сұрауына болады.   Сондай-ақ әр өңірде «Атамекеннің» өңірлік палаталары жанындағы «Өз-өзіне қызмет көрсету» орталықтарында да мамандар өтінішті толтыруға көмектеседі.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, Елімізде қайырымдылықпен айналысатын, бірақ көп жағдайда жақсылығын көпшілікке жария ете бермейтін кәсіпкерлер көп. Ал кейбір жағдайда кәсіпкерлер кімге нақты көмектесуге болатынын білмейді, өйткені бұл жұмыс жолға қойылмаған. Енді «Менің Атамекенім» платформасы арқылы бизнес өкілдері қиындыққа тап болған адамдар туралы нақты ақпарат жинақталатын ыңғайлы әрі ашық алаң болмақ.

 «Қаражат мұқтаж жанның жеке шотына түспейтінін айта кеткен жөн. Мәселен, адамға ота жасауға қаражат керек болса, онда қажет сома нақты медициналық мекемеге түседі. Бірақ, осы ретте кез келген адам «Есептер» айдарында кімге қандай көмек жасалғанын көре алады», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Бұл платформа өңірдің, ауыл-аймақтың әлеуметтік жүйелі мәселелерін шешуге бағытталады. Мұндай мәселелер «Ұсыныстар пакеті» құралы арқылы жарияланады. Механизмі қарапайым: кез келген адам көмек көрсетуге ниет білдіріп, туып өскен өлкесіне көмектесе алады. Мәселен, жарық жүргізу, жол жөндеу, әлеуметтік объектілер құрылысын жүргізу және басқа да мәселелерге атсалыса алады.

Жыл соңында жасалынған қайырымлық істерге халық онлайн түрде дауыс беру қарастырылуда.  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  өз тарапынан мемлекеттік деңгейде, жергілікті деңгейде қайырымдылық танытқан азаматтардың есімі еленуін қолға алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер