astana-view

Электронды шот-фактураларды міндетті түрде жазатындар мен тыс қалатындар кімдер?

2019 жылғы 12 Ақпан
15467 просмотров

2019 жылдан бастап  тауар айналымы кезінде, қызмет көрсеткен кезде  ҚҚС төлеушілер ақпараттық жүйе арқылы  электронды есеп-фактураларын (ЭШФ) беруге міндетті.  

«Атамекеннің» Салық салу және шағын бизнес Департаменті кімнің қандай жағдайда ЭШФ төлейтіндігін тәптіштеп түсіндіріп берді.  

ЭШФ жазуға мына үш санаттағы салықтөлеушілер ҚҚС тіркелуіне қарамастан міндеттеледі:

- Тауар алу тізімінде көрсетілген тауар айналымымен айналысатын салытөлеушілер;

- ҚҚС төлеушілерге жатпайтын  делдалдар мен экспедиторлар;

- сырттан кіретін тауарларды сататын салықтөлеушілер.

Қазақстанның БСҰ кіруіне байланысты, сондай-ақ, ЕЭО мемлекеттері арасындағы міндеттеріне байланысты еліміз Алу тізімінде (бұл тауарлар тізімімен  Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс Комитетінің арнайы сайтынан «БСҰ» тетікшесі арқылы таныса аласыздар) бар тауарлардың бақылануын қадағалауы тиіс.

Қолданыстағы Салық кодексі бойынша ЭШФ төмендегі кәсіпкерлер жазуға міндетті емес:  

- Көрсеткен қызметі, сатқан тауары үшін тұтынушыға кассалық бақылау машинасының чегін беретіндер;

- жеке тұлғаларға қызмет көрсету кезінде электронды ақша арқылы сауда жасаса не болмаса электронды төлем құрылғыларын пайдаланса;

- екінші деңгейлі банктер арқылы есеп айырысса, тұрғындардың комуналдық қызметтер төлемін қабылдайтын пошта операторлары;

- электронды билеттер арқылы немесе кәдімгі қағаз билеттер арқылы әуе немесе теміржол арқылы жолаушы тасымалдаушылар;

- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға қайтарымсыз тауар берген жағдайда.

Мінекей, осы жағдайларда кәсіпкерлер ЭШФ бермеулеріне болады. Ал,алу тізіміндегі тауарға ЭШФ жазу ережесі бойынша, бір ғана жалпы ЭШФ бере салуға болады. Бұл жағдайда тауарлардың жалпы саны және түрлері жекелей жазылуы тиіс.  

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде  ЭШФ  жазбаған жағдайда немесе мерзімін кешіктірген жағдайда жауапкершілік бар екені жазылған (280-1 бап):

- Салықтөлеушілер ЭШФ жазбаған жағдайда ескерту алады;

- Бір жыл ішінде жоғарыдағы жағдай қайталанатын болса, шағын бизнес өкілдеріне айыппұл көлемі  қырық...

- Мерзімінен асырып барып ЭШФ берген жағдайда ескерту жасалады;

- Бір жыл ішінде жоғарыдағы жағдай қайталанатын болса, шағын бизнес өкілдеріне айыппұл көлемі  жиырма...


Еншілес ұйымдар

Серіктестер