astana-view

«Атамекен» тау-кен металлургия кешенінің даму бағдарын анықтауды ұсынды

2019 жылғы 13 Ақпан
4042 просмотров

Тау-кен металлургия кешенін дамыту бойынша 2019-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлеу – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Тау-кен және металлургия комитетінің өзекті мәселелерінің біріне айнылды

Атап айтқанда, Комитет орта мерзімді перспективада тау-кен металлургия кешенін дамытуға баса назар аударды.

«Қай бағытқа қарай ілгерілеу керектігін түсінуіміз қажет. Бүгінде салаларды дамытудың нақты бағдарламасы  мен талдауы жоқ. Алдымызда өнімділікті 5%-ға арттыру бойынша жоспар тұр. Ол үшін мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын көрсететін талдамалық және сипаттау бөлімі, сондай-ақ қорытындылар және ұсыныстары бар саланы дамыту бойынша толыққанды бағдарлама әзірлеу қажет», – деді Комитет төрағасы Николай Радостовец.

Комитет төрағасы Кешенді жоспарды Wood Mackenzie компаниясын жұмылдыру арқылы әзірленген ҚР тау-кен металлургия секторы жөніндегі баяндамасымен сәйкестендіруді ұсынды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов орта мерзімді және ұзақ мерзімі перспективада даму мәселесі тау-кен металлургия кешенінің алдында ғана тұрған мәселе емес екенін атап өтті.

«Атамекен»  салаларға қайда және қалай даму керектігін түсіну үшін оларға даму векторын белгілеу қажет екенін бірнеше рет көтерген болатын. Бірінші кезекте Тұжырымдама шағын және орта бизнеске арналған дамудың векторын  белгілеуге мүмкіндік береді. Бүгінде 2030 жылға дейін отын-энергетикалық кешені тұжырымдамасына өзгерістер енгізу мәселесі де талқыланады. Тұжырымдама аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Энергетика министрлігі бірлесіп жұмыс істеуге келісті, өйткені Қазақстан экономикасына арналған энергетика ресурстарының қолжетімдігі және орта мерзімді бағдарды айқындау мәселесі – бірінші кезекті шағын және орта кәсіпкерлік үшін маңызды», – деді Елдос Рамазанов.

 Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов салалық бағдарламаны әзірлеуде «Атамекенмен» атқарылған жұмыстың оң нәтижесін атап өтті.  

«Былтыр Ұлттық палата салалық бағдарламалар туралы мәселені көтерді. Бүгінде екі тараптың бірлесуімен жеңіл өнеркәсіп, машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды әзірледік. Тәжірибеден оң нәтиже алдық. Тау-кен металлургия кешенін дамыту бойынша жоспар тұжырымдамасы үшін біз мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша жүйелік шараларды белгілейміз. Бұл нақты жоспарлар және мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары болмақ», – деді Қанат Байытов.

 Министрліктің өкілі кенді өндіру көлемін арттыру бойынша мәселені шешу үшін жаңа кәсіпорындарды құрып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау қажет екенін айтты.  Кешенді жоспарды әзерлеуде бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары ескеріліп, әзірлемелерге жаңа жобалар енгізіліп, өңірлер жұмылдырылатын болады.

 Сонымен қатар Комитет жұмысы шеңберінде тау-кен металлургиялық ірі компаниялардың айналысында арнайы экономикалық аймақтарды салу және 2030 жылға дейін отын-энергетикалық кешенінің даму тұжырымдамасын құру мәселесі қаралды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер