astana-view

Қазақстандық кәсіпкерлер Біріккен Араб Әмірліктеріне ет жөнелту тәртіптерімен танысты

2019 жылғы 21 Ақпан
3333 просмотров

БАӘ ауа райы және қоршаған орта министрлігі өз алаңдарында Қазақстан Ет Одағының, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ және Қазақстанның жекелеген компанияларының өкілдерін қабылдады.  

Кездесу барысында азық-түлік қауіпсіздігі Департаментінің директоры Majd Alherbawi ханым және жауапты ветеринар Majdi Abualush  мырза БАӘ ет кіргізу тәртіптерімен таныстырды. Осы алгоритм бойынша  Қазақстаннан БАӘ ет тасимын деген кәсіпкерлердің барлығы да жұмыс істей алады.

Кездесу Gulfood –2019 халықаралық азық-түлік және сусындар көрмесі аясындда өткен болатын.  Қазақстан делегациясы атынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» және «Қазақстан Ет Одағы» қауымдастығының өкілдері сөйледі.

Көрме барысында 120 елден келген 5000 астам компаниялар Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріне арналған өз өнімдерін таныстырды.

Gulfood –2019 көрмесіне қатысқан отандық компаниялар:  

Қазақстан Ет Одағы;

«Empire Food» ЖШС (Алматы облысы);

«Батыс Марка Ламб» ЖШС (БҚО);

 «Қарасу-Ет» ЖШС(Қостанай облысы);

«Тэрра» ЖШС (Қостанай облысы);

«Астана Агропродукт» ЖШС(Астана қаласы);

«CommunicationArt»ЖК (Астана қаласы);

«Inter Trade»ЖШС (Ақмола облысы);

«Первомайские деликатесы»ЖШС (Жамбыл облысы);

«OptoGrad» ЖШС (Ақтөбе облысы);

 «ANKA GROUP»ЖШС  (Ақмола облысы).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер