astana-view

ЕАЭО Сабағаттық кеңесінде ішкі нарықтағы кедергілерді жою мәселелері талқыланды

2019 жылғы 21 Ақпан
1837 просмотров

ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер мәселесі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасянның төрағалығымен өткен Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі сабағаттық комитетінің 8-отырысында талқыланды

ЕЭК өкілдерінің хабарлауынша, Сабағаттық комитетінің отырыстарында анағұрлым сезімтал кедергілер бойынша жұмыс шеңберінде 2018 жыл шілде-қазан айлары аралығында мүше мемлекеттер үшін айтарлықтай әсерлі 12 кедергі қаралды, олар бойынша Комиссияның кеңесі 10 өкім қабылдады. Оның ішінде 5 өкімге қол қойылып, күшіне енді, 1 өкім Армения Республикасында мақұлдау деңгейінде жатыр (Ресей Федерациясы және Беларусь рсепубликасы қол қойды), өкім мүше мемлекеттерге қол қоюсыз қайтарылды.

 Отырыс мүшелері айтарлықтай әсер ететін кедергілерді алып тастау бойынша жұмысты белсендіру туралы шешім қабылдады.

 Жиын барысында ЕЭК Кеңесінің 2018 жыл 13 шілде және 14 қыркүйектегі отырыстарында қабылданған айтарлықтай әсерлі кедергілер бойынша өкімге қол қойылмауы мәселесі көтерілді.

 Атап айтқанда, берліген ақпаратқа сәйкес, Беларусь Рсепубликасы және Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны басқа мемлекеттер азаматтарының жермен жүретін көлік түрлерімен кесіп өтуі туралы өкімі Ресей Федерациясының қол қоюынсыз қайтарылды. Осыған байланысты басқа мүше-мемлекеттермен қол қою үдерісі тоқтатылды.

 Аталған Өкімге қол қойылмаған жағдайда Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Респбликасының азаматтарында Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының шекарасынан өткенде олардың жүріп тұруына қажетті көлік түрін таңдауды шектеуге байланысты кедергілер болуы мүмкін. Атап айтқанда, теміржол және автомобиль көлігін пайдалану мүмкіндігінен айырылады (авиациялық көлікпен ғана ұшу рұқсат).

 Қазақстандық тасымалдаушылар үшін енгізілген бұл шектеулер бірінші кезекте жүкті тасымалдаудағы қаржылық және уақытша шығындардың артуына байланысты белгілі бір тәуекелдерді әкеледі.

 Бұған қоса, жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында алып тастау және шектеу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Жол картасын» жүзеге асырудың барысы туралы ЕЭК-тың ақпараты тыңдалды.

 «Жол картасын» жүзеге асыру мониторингі қорытындысы бойынша алынған ақпаратты есепке ала отырып, 2020-2021 бағытталған жаңа құжатты әзірлеу туралы мәселені қарау ұсынылды. Бұл құжатқа бұрын енгізілмей қалған алып тастау және шектеулер, сонымен қатар кедергілер тізіліміндегілер де шектеулер енгізілетін болады.

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында кедергілерді алып тастауға бағытталған 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасының» іс-шаралары оларды толық жоюды қамтамасыз етуі керек.  

 Жиынды қорытындылай келе, ЕЭК өкілдері келесі ақпаратты хабарлады:

 2019 жылы ЕЭК Ақ кітаптың екінші басылымы:  «Еуразиялық экономикалық одақтың тосқауылдары, жеңілдіктері мен шектеулері» баяндамасына дайындық жұмыстарын бастайды, онда Одақтың ішкі нарығында кедергілерді жоюға бағытталған  2018-2019 жылдары Комиссия жүргізген жұмыс нәтижелері ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер