astana-view

Евгений Больгерт  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2019 жылғы 25 Ақпан
6321 просмотров

«Атамекен» президиумының шешімімен Евгений Больгерт  «Атамекен» ҚР ҰҚП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Евгений Больгерт Ресей Федерациясы Әділет Министрлігіне қарасты Ресей Құқықтық Академиясын (Москва қ, Санкт-Петербург қаласы)  үздік бағамен тәмамдаған заңгер. Дрезден университетінің (Германия) заң факультетінің Европалық құқық кафедрасында оқыған.  Германия, Дания, Австралия, Ұлыбритания, Австралия секілді елдерде тағылымдамадан өткен. Ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген

Кәсіби қадамын  заң қызметтері мен биржа саудасынан, ірі компаниялардың жобаларына жетекшілік етуден бастаған.

2011 жылдан бері Республикалық тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық Қауымдастығы Директорының орынбасарлық қызметін атқарған.

2013 жылы «Атамекен» құрылғаннан бері тау-кен өндірісі Секретариаты басшысы, салалық база директорының атқарушы орынбасары қызметінде болған.

2016-2019 жылдар аралығында өндірістік қауіпсіздік және нысандардың техникалық диагностикасына бағытталған «Kamkor Service»( «Қамқор Менеджмент» компаниясының еншілесі), ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.

Марапаттары:

 «Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы»мерейтойлық медалі;

Метталлургия саласында атқарған еңбектері үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған;

ҚР кәсіпкерлік саласына сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Атамекен»төсбелгісімен мараапатталған;

Қазақстанның тау-кен-металлургия саласында жаңа технологияларды енгізуге үлес қосқаны үшін ҚР индустриясы және жаңа технология министрлігінің мақтау қағазын иемденген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер