astana-view

Қытайда сауда-экономикалық миссия өтеді

2019 жылғы 26 Ақпан
2520 просмотров

 2019 жыл 15-16 мамыр аралығында Қытайдың Сиань қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді, онда қазақстандық компаниялар ауыл шаруашылық өнімдері, азық-түлік, халыққа арналған тауарлар мен өнеркәсіп саласындағы өнімдерді таныстыра алады

Іс-шараның негізгі мақсаты тікелей байланыстарды орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті тұтынушылар арасындағы сауда қатынастарды жандандыру, екіжақты кездесулерді ұйымдастыру. Миссия «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстанның Сыртқы палатасының қолдауымен өтеді.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы келесі шығындарды өтейді:

  • Сауда-экономикалық миссияны өткізуге арналған жабдықталған мәжіліс залын жалдау;
  • Сауда-экономикалық миссия өтетін күні кофе-брейк және түскі асты ұйымдастыру;
  • Қазақстандық қатысушыларды орналастыру (1 кәсіпорыннан 1 өкілден артық емес, миссия өтетін ресми уақыт аралығында);
  • Қазақстандық қатысушылардың шет ел ішіндегі трансфері.

Басқа да шығындарды (ұшу, тәуліктік шығындар және т.б.) қатысушылар өздері өтейді. Осыған байланысты,  Сиань қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға ынта білдерген әлеуетті экспорттаушыларды өтінімді 20 наурызға дейін жіберуді сұраймыз.

 Сауда-экономикалық миссияға қатысу бойынша Нұрсұлтан Нұрабаевқа хабарласуды сұраймыз: + 7 7172 279054 (ішкі: 223), n.nurabayev@atameken.kz

Сауда-экономикалық миссияға тіркелу сілтемеде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер