astana-view

Отандық бизнесмендер Шанхайда өтетін халықаралық көрмеге қатысады

2019 жылғы 27 Ақпан
1462 просмотров

2019 жыл 5-10 қараша аралығында Шанхай қаласында ІІ Қытай халықаралық көрмесі өтеді. Қазақстандық өндірушілерге арнап Бизнес павильонның «Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдері» секторында 180 шаршы метр көлемінде көрме стенді дайындалған

Қазақстандық делегацияны «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстан Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырып, тіркеу жарнасы, жабдықталған көрме алаңын жалдау, стенд монтажы мен демонтажы, жүргізілетін коммуникациялар бойынша шығындарды өтейді.

Айта кетелік, 2018 жылы қазақстандық сауда делегациясын 28 отандық тауар өндіруші, соның ішінде тамақ және жеңіл өнеркәсібінің өкілдері бастап барған. Көрме шеңберінде бірнеше контрактілер жасалды. «Кублей» ЖШС және қытайлық  «Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd» компаниясы арасында 20 мың тонна сиыр және қой етін экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойылды. «Пасека» шаруа қожалығы мен қытайлық «Xinjiang Xinhongji International Trading Co.» компаниясы арасына 15 мың тонна көлемінде бал экспорттау бойынша келісім жасалды.

 Қазақстан Республикалық марал шаруашылығы палатасы және Қытай ауыл шаруашылығы ғылымын зерттеу институты арасында марал мен еліктерді бірлесіп өсіру, сонымен қатар олардың өнімін өндіру бойынша келісімшартқа қол қойылды.

 Қатысуға өтінім қабылдау 2019 жыл 15 наурызға дейін жалғасады. Толық ақпарат мына телефон арқылы: 8 7172 27 96 16 (ішкі: 223).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер