astana-view

Атырауда мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселесі талқыланды

2019 жылғы 28 Ақпан
3127 просмотров

Мұнай-газ саласы үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының артықшылықтары мен кемшіліктері, Орта Азия мұнай-газ нарығының өзгеруі, еркін экономикалық аймақтардың келешегі, ДСҰ құқықтық аспектілері және мұнай саласындағы жергілікті қамту мәселелері «Қазақстанның мұнай-газ саласы ДСҰ жағдайында» форумы барысында талқыланды

 Форумға Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Астана және Алматыдан мұнай және газ саласының 250-ден астам кәсіби маманы қатысты. Олардың ішінде ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «КазЭнерджи» қауымдастығы, «Атамекен» ҚР ҰКП, «NADLoC» АҚ, НИНТ, PSA  еркін экономикалық аймақтарының өкілдері және Батыс Қазақстанда жұмыс істейтін ірі мұнай-сервистік компаниялар бар.

 «Дүниежүзілік сауда ұйымы жұмыс және қызметтерді сатып алу мәселелерін әзірге реттеген жоқ, осыған байланысты біз жергілікті қамтудың 50% талабын сақтап қалдық. Осы 50% – Қазақстанның басты жетістігі, белгілі болғандай, келіссөздер 20 жыл бойы жүргізілді. Өз позициямызды соңына дейін қорғадық. Жергілікті қамту болмағанда, ДСҰ-ға ертерек мүше болар едік», – деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сауда саясатын дамыту орталығының директоры Әсия Әшіғалиева.

 «Бизнес және қоғамның өзара әрекеттестігі мен тең құндылығына негізделген жергілікті қамтуды дамытудың дұрыс стратегиясы көптеген елде өз тиімділігін көрсетті. Мұндай стратегия жобаның бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, қабылдап жатқан елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осы ретте ДСҰ жағдайындағы жұмыс экономиканың тұрақты дамуына оң әсер етпек:  ДСҰ бекіткен келісімдерге сәйкес демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қамтамасыз етеді, сауда және жекешелендіру үдерістерінің ашықтығына ықпал етіп, сонымен қатар саудадағы техникалық кедергілерді жояды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП мұнай-газ операторларымен өзара әрекеттестік жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жәкиев.

 Форум барысында қонақтар мен спикерлер В2В форматы шеңберінде бірыңғай алаңда келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алды.

 Мира Досованың Презентациясы 

Дәрмен Сәдуақасов Презентациясы

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер