astana-view

Отандық кәсіпкерлердің қатысуымен Челябіде сауда-экономикалық миссия өтеді

2019 жылғы 28 Ақпан
2247 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық бизнесмендерді Челябі қаласында өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады

27-29 наурыз аралығында Челябі қаласында сауда-экономикалық миссия өтеді, онда қазақстандық кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, халыққа арналған және өнеркәсіп өнімдерін ұсына алады.

 Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар және әлеуетті тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қарым-қатынастарды жандандыру, сонымен қатар екіжақты кездесулерді өткізу.

 Сауда-экономикалық миссияны «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырып, келесі шығындарды өтейді: сауда-экономикалық шараны өткізуге арналған жабдықталған мәжіліс залын жалдау, кофе-брейк пен түскі ас, қазақстандық қатысушылардың орналасуы, миссия өтетін елдегі трансферін ұйымдастыру.

Басқа шығындарды (ұшу, тәуліктік шығындар және т.б.) қатысушылар өздері өтейді.  

Миссияға қатысуға ынта білдіргендерді 7 наурызға дейін мына  сілтеме арқылы тіркелуді сұраймыз.  

 Сұрақтар болса, мына нөмір арқылы хабарласуға болады: Абай Абдрахманов,   + 7 7172 279054 (вн.201), ab.abdrakhmanov@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер