astana-view

Жер қойнау - ел қайнары

2019 жылғы 01 Наурыз
4088 просмотров

«Атамекеннің» Данияр Әбулғазин Төрағалық ететін мұнайгаз Комитетінің отырысында  өздерінің былтырғы атқарған жұмыстарын қорытындылап,  алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы айтылды.  

Ассоциации «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов бұл саладағы басты сауалдар сұйытылған мұнай газы мен қалпына келтіру жоспарын құру, жергілікті МӨЗ іске қосылуына тікелей байланысты екенін баса айтты.

«Жыл басынан бері сұйытылған газды сатудың пилоттық нұсқасы электронды сауда алаңдарында өтуде. 5-15 ақпан аралығында 5 850 тонналық алғашқы электронды сауда жасалды. Сондай-ақ, Мәжіліс біздің Қазақстан ішінде айналатын және Қазақстаннан сыртқа шығатын өнім көлемімізді және  әрбір ай сайынғы бекітілген көлемдегі өнімдерімізді жеткізу жайлы түзетуімізді қабыл алды. Бұл заң тек мұнай өнімдері мен мұнай тасымалдаушыларға ғана қатысты», - дейді Әсет Мағауов.

Өз кезегінде Комитет Төрағасы Данияр Әбулғазин бензин экспортына «Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» есеппен бару керектігін баса айтты.

«Экспортталатын өнімдер көлемін Әнергетика Министрлігімен бірлесе отырып мұқият қарау керек. Егін салу науқаны кезінде нарықта айғай-шу шығарып алмауымыз керек», - деді Данияр Әбулғазин

Комитет отырысында бұдан бөлек жер қойнауын қазушылар жайлы сұрақтар да қойылды. «KAZENERGY»Қауымдастығының атқарушы директоры Заңғар Ноғайбайдың айтуынша жер қойнауын қазушылар Қауысмдастықпен бірлесе отырып  Жер қойнауы Кодексін жетілдірумақсатында ұсыныстар әзірленген.  

         «ҚазМұнайГаз» АҚ өкілі  Алик Айдарбаев «Атамекеннің» және «KAZENERGY» Қауымдастығының ұсыныстарын қолдауға даяр екендерін білдірді.  

«ҚазМұнайГаз» мұның алдындағы түзету пакеттерін даярлау кезінде де белсене көмектескен болатын. Ал, оның оң нәтижелері бүгінгі күні көзге көрінуде. Заңнамада қиын бөлінетін көмірсутектер кен орындарын қолдау  жайлы арнайы норма бар.  Алайда, іс жүзінде бұның барлығы жүзеге асып жатыр дей алмаймыз. Сондықтан да біз бұл салаға қызығушылық танытып, эксперттік көмегімізді беруге әзірміз», – деді Алик Айдарбаев.

Комитет Төрағасы Данияр Әбулғазинның айтуынша биылғы жылы жаңа Экологиялық Кодекс құру осы бағыттағы үлкен жұмыстардың бірі болуы керек.

«Экологиялық заңнамамызды қайта қарау дәл қазір қарқынды жүріп жатыр. 14 ақпан күні біз бұл кодекстің алғашқы нұсқасын қолымызға алдық. «KAZENERGY» алаңында екі отырыс жасап, кеңінен талқыладық. Бір сөзбен айтқанда қазір жер қойнауын қазушылар өз ұсыныстарын әзірлеуде», –  дейді«KAZENERGY» Қауымдастығының атқарушы директоры  Рүстем Кабжанов.

         Ұлттық Палатаның Басқарма мүшесі Евгений Больгерт «Атамекеннің» «KAZENERGYмен» де, басқа да қауымдастықтармен де тізе қосып жұмыс істейтіндігін, сұрақтар туындаған жағдайда әрқашанда талқылау өткізуге өз алаңдарын бере алатындығын алға тартты.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер