astana-view

Күн тәртібі: отын-энергетика кешені және жылумен қамту

2019 жылғы 05 Наурыз
1365 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы энергетика комитетінің кеңейтілген отырысы өткен жылғы атқарылған жұмыстар және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тарифтердің төмендеуі, сондай-ақ, биылғы атқарылатын жұмыстар жайлы баяндамамен басталды. Комитет  төрағасы Алмасадам Сатқалиев сөзін қорытындылай келіп, отырыстың күн тәртібімен таныстырып, 2030 жылға дейінгі отын-энергетикалық комплекісінің өзекті мәселелерін талқылауға шақырды.

Сөз кезегін «Атамекеннің» атқарушы хатшысы Қуаныш Балтабаев алды.

«Қазіргі таңда осы тұрғыда концепция жасалып жатыр. 2019 жылдың ақпан айының 6 жұлдызында «Атамекен» және «KAZNERGY» ҚР Энергетика министрлігімен бірлескен отырысына қатысып, Отын-энергетика кешені  Тұжырымдамасының  «Жол картасы» құрлған болатын.  Наурыз айында қаржылық сұрақтарды қарастырып, мамыр айында қызығушы тараптарды анықтап, жалпы алғанда қыркүйек айында аталмыш концепция қабылдануы тиіс»,- деді Қуаныш Балтабаев.

«Жалпылама алғанда бұның барлығын «KAZENERGY» қолдап отыр. Себебі, бұның барлығы ортақ мәселе. Ортақ мәселенің шешімі де ортақ болуы тиіс. Тек, көкейде бір ғана сұрақ бар. Бұл Тұжырымдаманы қабылдау кезінде Кеңесшілер кімдер болмақ? Кеңесші қандай болса, нәтиже сондай болмақ екені белгілі ғой. Кеңесшілерді таңдаудағы соңғы сөзді «Атамекен» айтатын шығар деп үміттенемін»,- деді «KAZENERGY» Қауымдастығының атқарушы директоры  Рүстем Қабжанов.

Отырыс барысында «Жылумен қамту туралы Заң» төңірегіндегі сұрақтар да талқыланды.

«Президент көмекшісі  Жақсылықов Т.М2018 жылдың 22 қарашасындағы тапсырмасы бойынша, 2019 жылдың 29 қаңтарында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Осы топ «Жылумен қамту» заңының бүге-шігесіне дейін талқылайтын болады. Жұмыс тобының алғашқы отырысы келер аптаға жоспарлануда. Заң жобасы 2019 жылдың 1 маусымында тапсырылуы тиіс»,- деді ҚР Энергетика Министрлігінің  электроэнергетика саласындағы мемлекет саясаты Департаменті басқармасының басшысы  Беркешов Бауыржан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер