astana-view

«Атамекен» өңірлердің бірыңғай картасын жасауды ұсынды

2019 жылғы 15 Наурыз
2720 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумында «Атамекен» Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов жер телімдеріне қатысты басты мәселелерге тоқталды.

Өз баяндамасында ол жер телімдері жайлы ақпарат қол жетімді әрі түсінікті болуы керек екенін айтты. Ал ол үшін өңірлердің интерактивті карталарын жетілдіру қажет. Бұл карталарда инфрақұрылым, инженерлік коммуникациялардың қолжетімділігі, қуаттылығы, салынған және салынатын құрылыстар жайлы ақпараттар, Бас жоба, техникалық жағдайы сынды дүниелердің барлығы болуы тиіс.

«Бір терезе» жүйесінде қажетті ақпараттарды бере алатын және қызмет көрсету уақытын мейілінше қысқартатын осындай негізгі опциялар саны кем дегенде 11 болуы керек.

«Атамекен» интерактивті карталарға бірыңғай талаптар қойылуын  ұсынды.

«Елдегі барлық өңір қолдануға оңай, түсінікті әрі қарапайым түрде жасалған интерактивті картасын жыл соңына дейін құрастыру басты міндетіміз», - деді Рустам Жүрсінов.

Жер телімдерінің электронды картасы бұдан бөлек – инженерлік қызметтерді қосу кезіндегі техникалық қызметтерді пайдалануда жемқорлықтың алдын алған болар еді.

Жер телімін алған кәсіпкер көбіне инженерлік коммуникациялардың жоқтығына ұшырасады. Ал, бұл өз кезегінде пара беруге алып келеді. Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, электр энергиясын қосқызу қызметі 1,5 млн теңге көлемінде екен. «Атамекен» өз кезегінде кәсіпкерлерге монополисттер базасына еркін кіруді ұсынуда.

Рустам Жүрсінов Қызылорда облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының «бір терезе» арқапарттық жүйесін мысалға келтірді. Бұл жүйеде барлық инженерлік, техникалық ақпараттар анық жазылып, құжаттарды қарау және рәсімдеу мерзімі 5 күннен 3 күнге дейін қысқарған.

 Сондай-ақ, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу салаларында есепке тіркеу мен тексерудің нақты тәртібі жоғына да жеке тоқталды.

Сатып алудағы сыбайлас жемқорлықты тежеудің  жолы «Бірыңғай сатып алу терезесі» онлайн-платформасын енгізу.

 «Бірыңғай сатып алу терезесі» платформасының келесі қадамына тоқталсақ. Сатып алу саласыдағы жемқорлық белгілері жайлы қазыналық және құқық қорғау органдарын дер кезінде ақпараттандыру. Сатып алу басталмас бұрын тапсырыс берушілерге «орта баға дәлізі» жайлы ақпаратпен таныстыру. Ісіне немқұрайлы қарап, сенімсіздік танытқан жеткізушілер сатып алуға қатысқан жағдайда, оларға соңы немен бітетінін ескерту», - деп сөзін аяқтады Рустам Жүрсінов.

 «Атамекен» мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі форум соңында 2019 жылға арналған Жол картасына қол қойды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер