astana-view

«Атамекенде» Арнайы инвестициялық келісімшарттарды алу мәселесі талқыланды

2019 жылғы 18 Наурыз
4600 просмотров

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелді. Бұл ведомство Кәсіпкерлік кодекспен көзделген арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасау функцияларын сақтап қалды. Дегенмен, бұл функциялар іс жүзінде орындалмай келеді

Бұл соққыға өңдеу өнеркәсібінің бірқатар компаниялары, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер («КАИК», «KazKioti», «Вектор») және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары («Оң түстік» арнайы экономикалық аймақ резиденттері) ұрынды. Аталған компаниялардың өтінімдері бойынша арнайы инвестициялық келісімшарттар бірнеше ай бойы не жасалмай, не ұзартылмай келеді. Кейбір өтінімдерді қарау мерзімі 2018 жылдың қазан айынан бері созылып келеді. Ал регламент бойынша келісімшарт 15 күн ішінде жасалуы тиіс, немесе оны жасамауға дәйекеті себеп келтірілуі керек.

 ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың мақұлдауында: арнайы инвестициялық келісімшарттарға қол қою құқығын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне беру туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы жатыр. Осы мәселе бойынша ведомство арасында ұзақ келіссөздер жүргізілген болатын. Алайда бизнес өкілдері ұзақ күте алмайды.

 Проблеманы ашық талқылау Инвестициялар комитетінің өкілдері мүделлі кәсіпорындар және салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» алаңында өтті.

 «Ауыл шаруашылығы техникасы өндірушілер 3 ай бойы не қойма бойынша жұмыс істеп, не жұмыс істемей, бос тұр. Алда егін егу науқаны келе жатыр – ауыл шаруашылығы өндірушілермен келісімдер бұзылып жатыр. Ал бағаны ҚҚС мөлшерінде өсуі болдыртпау керек. Инвестициялар комитеті мерзімді негізсіз созып отыр, бұл жайт ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қорытындыларымен расталып отыр», – деді «ҚазАгроМаш» ЗТБ төрағасы Есіркеп Абдрахманов, жалпы бизнес өкілдерінің алаңдаушылығын білдіріп.

 Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде ҚҚС және кедендік баж салықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Осы ретте ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер Өнеркәсіптік құрастыру туралы Келісімге сәйкес өндірісті жергілікті орналастыру бойынша міндеттемелерді орындайды.  

 «Бізге арнайы инвестициялық келісішарттарды 3 ай мерзімге жасау ұсынылды, ал заң бойынша қол қою рәсімі 15 жыл мерзімге жасалауы тиіс. Бұл мерзім Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге сәйкес келеді. Ал 3 айлық мерзімді қолдануға негіз жоқ, және бұл мерзім өндірістік циклдардың ұзақтығына кереғар», – деді «КАИК» ЖШС даму жөніндегі директоры Серікбай Шегеев.

 Ал келесімшарттың осындай қысқа мерзімі функцияларды басқа ведомствоға беру себепті қолданылып жатқаны туралы дәйек – негізсіз, өйткені келісшарттарды жасау бұрын және қазіргі таңда Инвестициялар жөніндегі комитетке тиесілі функция болатын.

Қолданыстағы шарттарға қатысты Арнайы инвестициялық келісімшарттарды шұғыл түрде қабылдау 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін кедендік жеңілдіктерді қолдану тәртібін есепке алу бойынша дәйекті (Кеден одағы Комиссиясының  2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7.1.11-тармағымен қарастырылған), қазіргі уақытта Беларусь тарапының ұсынысына байланысты одан әрі жетілдіруде жатыр.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен басқа осындай қиын жағдайдға жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары да қалған.

 «Оң түстік» арнайы экономикалық аймақтағы жағдай тым қатерлі, біз жеңіл өнеркәсіп секторындағы ұлттық және шетелдік инвесторды жоғалтудың алдында тұрмыз. Кәсіпорындарымыз жебірген өтінімдері бойынша дереу шешім қабылдау қажет», – деп ескертпе жасады «Оң түстік» арнайы экономикалық аймақтың Стратегиялық даму департаментінің директоры Ерболат Сариев.

Мәселе түйткілді әрі әлеуметтік аспектіге ие.

 «Кәсіпорындарымызда жұмыс істеп жатқан бернеше мың жұмысшы тағдырына алаңдаймыз. Бұдан бөлек ірі Трансұлттық компаниялармен инвестицияларды тартуға қатысты келісімдер шынымен бұзылғалы тұр. Бұл жайт Ұлттық стратегияға қайшы», – деді «KazKioti» ЖШС атқарушы директоры Эльмира Әкімбаева.

 Өкінішке қарай жиынға қатысушылар өкілетті органнан көңілге қонымды жауапты ала алмады.

 «Кәсіпорындардың өтінімдерін қарау мерзімін созуға кедергілер жоқ екенін байқап отырмыз. Көтерілген мәселелердің өзектілігі және отандық бизнес үшін тәуекелдердің жоғарылығын есепке ала отырып, егер бұл мәселені Инвестициялар жөніндегі комитет жуық арада шешпейтін болса, онда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы мәселені Үкімет және Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттікке уәкiлеттi мемлекеттiк органның әрекетсіздігін қарау туралы тиiстi өтiнiшпен жүгінетін болады», – деп түйіндеді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер