astana-view

«Атамекен» сертификаттаудың заңды жүргізілуін қолдайды

2019 жылғы 18 Наурыз
2146 просмотров

Ұлттық кәсіпкер палатасының ұзақ уақыт жұмыс істеуінің нәтижесінде Техникалық регламент бойынша өкілетті орган және  аккредиттеу бойынша органының ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық занамасының талаптарына сәйкестігін растау бойынша жұмыс нәтижелері тәртібін тануға қатысты ресми түсіндірмесі алынды.

 Мұнда қазақстандық сертификаттау органдарының ЕАЭО техникалық регламенттері жүрмейтін өнімге арналған Ресей сертификаттарының танылуы туралы айтылып отыр.

ТМД-ның аттестаттау бойынша жұмыстарды жүргізу және өзара тану принциптері туралы  1994 жылдың 4 маусымындағы Келісім шеңберінде ПМГ 36-2001 «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі сәйкестік сертификаттарын тану тәртібі» әзірленді. Оған Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қосылды.

Осылайша, ПМГ 36-2001 қағидатына қол қойған ТМД-ға қатысушысы мемлекеттер ПМГ 36-2001 қағидатына қосылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғана сәйкестік сертификаттарын өзара тануға құқылы.

Осы ретте Ресей Федерациясы ПМГ 36-2001 қағидатына қосылмады, сәйкесінше, Федерация территориясында аталған қағидат жүрмейді.

 Естеріңізге салсақ, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы ресейлік сертификаттарын заңсыздығы мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Бір ғана цементтің өзіне 2016-2018 жылдары ресейлік цементке 161 сертификат берілді, оның ішінде 125-і (78%) ешқандай құқықтық негізсіз және арнайы тестілеуді жүргізбей қазақстандық сертификаттау бойынша органдарымен танылған.

 Аккредиттеу жөніндегі орган ресми түсіндірмеде қазақстандық сертификаттау бойынша органдарды қызметті жүзеге асыру кезінде әкілетті органның түсініктемесін басшылыққа алуға шақырады. 

Осы ретте аталған мәселе Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бақылауында болады. Егер қазақстандық сертификаттау бойынша органдар ПМГ 36-2001 қағидатына кірмеген ТМД-ға мүше мемлекеттердің сертифиаттарын тануы бойынша фактілер орын алса, «Атамекенге» хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер