astana-view

Экспорт пен импорт операцияларына арналған «Бірыңғай терезе» порталы іске қосылды

2019 жылғы 27 Наурыз
13854 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі «Бірыңғай терезе» порталын таныстырды.

Бұл портал 27 наурыздан бастап пилоттық жоба ретінде өз жұмысын бастайтын болады. Бұл жайында «Атамекен» алаңында өткен отырыста ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі Руслан Еңсебаев кеңінен тоқталды.

«Бүгін бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан күрделі және өте маңызды істің таныстырылымы өтті. Бұл сыртқы экономикалық қарым-қатынасты жеңілдететін жоба. Енді, кәсіпкерлер кеден бекеттерінде Евразиялық Экономикалық Одақ құжаттарна сай жұмыс істей алатын болады. Яғни, электронды құжаттарыңызды көрсеткен соң оның қағаз нұсқасын көрсетуіңіз шарт емес», -дейді «Атамекен» ҚР ҰКП  Кеден әкімшілігі департаментінің директоры Дина Мамашева.

Портал көмегі арқылы кәсіпкерлер сыртқы экономикалық қарым-қатынас кезінде импорт пен экспортқа қажетті опе Порталдың басты артықшылықтарының бірі - кәсіпкерлер импорт-экспорт жасар алдында қажетті ақпараттарды ала алады.

«Былтыр мағлұмдау әдісін электронды түрге ауыстыру мақсатында «АСТАНА-1» жүйесі іске қосылғантын. Бүгінгі таңда соның нәтижесі ретінде  мағлұмдаудың 70% «жасыл дәліз» арқылы  рәсімделуде. Дегенмен, рәсімдеушілердің  мағлұмдау алдында  қажетті құжаттарды жинау барысында  бірнеше кедергілерге тап болатынын байқадық. Біріншіден, бұл көп уақытты алады екен және құжаттардың барлығы дерлік қағаз жүзінде жасалады. Ал, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа алып келеді. Халықаралық әдістерге сүйене отырып, біз «Бірыңғай терезе» жүйесін іске қосып отырмыз», - дейді Руслан Еңсебаев.

Вице-министрдің айтуы бойынша осы порталдың арқасында импорт-экспорт алмасу кезінде кәсіпкерлер әр мекеменің есігін тоздырмайтын болады. Кедендік процесстерге кететін уақыт қысқарып, сыртқы экономикалық қарым-қатынаспен айналысушылардың уақыты мен қаржысына да үнем болмақ.

Егер, сіз сыртқы экономикалық қарыым-қатынаспен айналыссаңыз, 27 наурыздан бастап өз өтінішіңізді осы жүйе арқылы бере беруіңізге болады.

«Бірыңғай терезенің» базалық элементтері:

- Лицензия мен рұқсат етуші құжаттардың электронды нұсқасын алу;

- Кедендік қызметтермен айналысатын тұлға статусын электронды негізде алу;

- Электронды кедендік мағлұмдау;

- Кедендік алдын-ала шешімдердің электронды қызметі;

- Кедендік тарифтердің біріктірілуі;

- Анықтамалар мен құжаттар реестрі;

- Нормативтік-құқықтық құжаттарды іздеу және қарау.

«Бірыңғай терезе» порталының эектронды адресі – www.eokno.kgd.gov.kz. Портал жұмысы жайлы сұрақтарыңыз бар болса   Telegram  қосымшасы арқылы +7 775 732 73 71 номеріне хабарласа аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер