astana-view

Шағын және орта бизнестің шама-шарқы сөз етілді

2019 жылғы 01 Сәуір
4050 просмотров

 

«Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту Комитеті мен сауда-саттық Комитетінің бірлескен отырысында Жол картасы аясында қаржылай емес бағдарламаларды дамыту және бизнестің көлеңкелі тұстарын жою жайлы сөз қозғалды.

«Атамекен» 2015 жылдан бері «Бизнестің жол картасы – 2020» қаржылық емес қолдау бағдарламасының операторы. Осы аралықта ШОБ өкілдеріне 253 мыңнан аса сервистік қызметтер ұсынылған. 

Бүгінгі таңда «Атамекеннің» әр өңірлерде филиалдары бар және де ең түпкі аудандарда жатқан кәсіпкерлерге де өз көмек қолын соза алады. Мәселе, Өскеменді алып қарасақ, аудандарда офистеріміз ашылғаннан бері мұндай көмектерді пайдаланушылар 40% өскен.

«Біздер теріс шешім шығаруымызды доғаруымыз керек. Теориядан алшақтап, бизнесте жүрген кәсіпкерлерді операторларға айналдыруымыз керек. Жол картасы аясында білім беру және ақыл-кеңес беру секторындағыларды да бизнеске қосып, негізгі бюджетті нарыққа табыстауымыз қажет»,- деді сауда-саттық комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев.

Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталов негізгі жұмысты сауда-саттық пен қызмет көрсетуге бағыттауды ұсынды. Оның айтуынша ШОБ өкілдерінің 26,8% сауда-саттық саласында, басқа қызметтер бойынша 9,1%.

 «HoReCa және сауда-саттық бағытын пилоттық негізде сынап көруді ұсынамын. Үш негізгі бағытта оқыту бағдарламасын түзу керекпіз. Олар: бизнес жобаларды цифрландыру және автоматизациялау, салық салу және осы екі сегменттің ерекшелігін ескере отырып жұмыскерлерді заңдастыру», – деді Райымбек Баталов.

Бұл техникалық тапсырма сәуір айында жасала бастайды. Оған нарықтың барлық қатысушылары, білім беру саласының эксперттері және салалық эксперттер қатысады.

Сауда-саттықтың негізгі салалар тізіміне кіруі, сондай-ақ, «Даму» қаржы қоры үшін де басымдыққа ие болуы жайлы сөз қозғалды. ШОБ қаржыландыру бойынша 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша 53 мың жоба  жалпы соммасы  1,9 млрд теңге көмек алған.

Дәл қазір мемлекет басшысының қол қоюын күтіп жатқан заңнамада онлайн кассалық бақылау машинасын пайдаланатын  жеке кәсіпкердерге салынатын салық салмағын жеңілдету қарастырылған.

«Сауда-саттық саласында 2020 жылдан бастап Салық кодексінің патентпен төлеу жүйесін алып тастау нормасы күшіне енетінін айтқым келеді. Бұл кәсіпкерлер оңайлатылған мағлұмдама негізінде жұмыс істеуге көшуі тиіс немесе салықтың өздері қалаған басқа әдісін таңдағандары дұрыс», - деді «Атамекеннің» салық-салу департаментінің басшысы Жеңіс Жанболатова

«Атамекен» Комитеттерінің төрағаларының пікіріне сүйенсек, жасалған жұмыстар аз емес, әлі де болса мемлекеттік органдар тарапынан мақұлдап таппаған ұсыныстар да жетерлік.

 «Көлекелі бизнеске тұсау салуымыз керек. Жеке кәсіптегі онлайн кассалық бақылау машинасы салық қызметкерлерінің «заңсыз салық» салуының алдын алатын қадам», – деп отырысты қорытындылады Райымбек Баталов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер