astana-view

Германияда тағылымдамаға қатысқан кәсіпкер алған әсерімен бөлісті

2019 жылғы 01 Сәуір
3290 просмотров

Бекжан Әлімқұлов  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша Германияға тағылымдаға бару байқауы іріктеуінен өткен кәсіпкер. Бекжанның «Ару Тас» компаниясы бетоннан тас төсеуіштерді шығарады

 «Ару Тас» шағырған тас төсеуіштермен елордада 150 000 шаршы метр төселген, атап айтқанда қала әуежайы, Экспо орталығы, «Жасыл квартал» тұрғын үй кешені және Атырау облысының астанаға сыйға тартқан жаяу жүргінші көпірі.

Қазіргі таңда Бекжан Германияда тағылымдамада жүр. Кәсіпкер түрлі кәсіпорындарға барып, озық өндірісін зерттеп, әлеуетті серіктестермен танысуда. Тағылымдаманың негізгі мақсаты – неміс өндірушілерінің жұмыс әдісі, жабдығы және дайын материалдар қоймасын ұйымдастыру үдерісімен  танысу.

 «Германия сапарынан алған әсерім мол. Мен және басқа қатысушылар жақсы теориялық білім алдық. Кәсіпорындарға барғанда өзімнің өндірісіме енгізу  қажет жаңашылдықтарды, технологиялар мен әдістерді белгілеп жүрмін. Тас төсеуішке келер болсақ, Германияда тас төсеуіштердің фактуралары мен түрлері сан алуан екен. Сонымен қатар тас төсеуіштің тозуға төзімділігін арттыру үшін өндіру технологиясын жетілдіруге болады. Озық өндірісті көрген соң Қазақстанда әлі орындау қажет көп жұмыс барын түсіндім», – дейді Бекжан.

Бүгінде «Ару Тас» компаниясы Астанадағы зауытты кеңейту және Қазақстанның басқа өңірлерінде жаңа зауыттарды ашу бойынша келіссөздер жүргізуде. Бекжан Әлімқұлов неміс тарапынан жабдықтар мен технологияларды тасымалдау туралы келісіп қойды. Енді осы жобаларды қаржыландыру бойынша мәселелерді реттеу ғана қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер