astana-view

ALTYN OIMAQ қатысушылары: әлеуметтік бизнестің иесі Ирина Нейбарт

2019 жылғы 03 Сәуір
3858 просмотров

Әр әйел тігу ісін білгені жақсы, бірақ «салмақты» мамандықты игеру керек. Міне, осындай ұстаным Ирина Нейбарт отбасында болды

Алайда шығармашылыққа деген зор ынта байсалды бухгалтерді жеңіп шықты. Бастапқыда Ирина қолөнермен шұғылданған, уақыт өте келе өзін балалар киімінің дизайнері ретінде сынап көруді шешті. Кәсіптің бастауында әйел үйде тапысырыс қабылдап жұмыс істеді, байқауларға қатысып, жеке кәсіп ашу қажеттілігін түсінеді.

 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде субсидия алған Ирина Нейбарт әйелдер колониясы территориясында тігін цехын ашып, дайын өнімдерді Атыраудағы сауда үйлердің біріне өткізіп отырды.

 «2017 жылы «Теңізшевройлдың» Орталық Азияның Еуразия қорының қолдауымен «Жарқыра» байқауына қатысып, жеңіске жеттім, қаржыландыру алып, қалада ателье аштым. Мен әлеуметтік кәсіпкермін, әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдермен жұмыс істеймін, тігін ісіне, кесте тігуді оқытамын»,– деді кәсіпкер.

 Бүгінде ательеде Ирина Нейбартпен 4 әйел еңбектеніп жатыр. Сонымен қатар кәсіпкер өмірдің соқпағына тап болған, жазасын өтеп жатқан әйелдерге жұмыс істеп, ақша табуға мүмкіндік беруде. Дизайнер әлеуметтік бейімделмеген әйелдерге арнап, оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер