astana-view

«Бизнестің жол картасы» кәсіпкерлердің жолын ашады

2019 жылғы 09 Сәуір
4093 просмотров

Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Үкімет отырысының кезекті отырысын өткізді. Отырыста «Жол картасы – 2020» бағдарламасының және Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша қолға алныған «Әлеуметтік көмек» бағдарламаларының жұмыс барысы кеңінен талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП 2014 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының  төртінші бағыты бойынша операторлық етуде. Үкімет отырысында сөз алған «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атқарылып жатқан істерге тоқтала кетті.

«Біз кәсіпкерлерге қаржылай емес көмек көрсету тұрғысында өз қызметімізді бағытқа бөлдік. Олар:  «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету»; Моноқалаларда, аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер»; «Бизнес-Мектеп» жобасы, «Іскерлік байланыстар» жобасы; «Аға сеньорлар» жобасы; «Бизнес-Насихат». Қазіргі таңда өңірлік деңгейде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының саны 20, аудандық деңгейде 191 қолдау көрсету орталығы сервистік қолдау қызметтерін көрсетуде. Біз бұнымен ғана шектелмей, 2019 жылдан бастап ірі сауда орталықтарында да қосымша кеңес беру орталықтарын аштық», - деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекеннің» ақысыз қызметін 2018 жылы 138 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланған. «Бизнес-Мектеп» пен «Іскерлік байланыс»  бойынша 20 914 кәсіпкер оқудан өткен.  Ірі қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерге кеңес беру мақсатында 828 кеңесші қызмет көрсетуде.   42 кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өткен.

«Атамекен» 2018 жылдан бастап  мемлекеттік қолау шараларын автоматтандыру бойынша жұмыс істеуде. «Atameken Services» порталында кәсіпкерлерге ыңғайлылық мақсатында «Бірыңғай терезе» жобасы іске қосылды. Портал ашылған күннен бастап 18,9 мың кәсіпкер онлайн қызметтерді пайдаланған», - деді Абылай Мырхахметов.

2017 жылдан бастап пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға қаражат алдағы үш жылға жалпы трансферттер шеңберінде бөлінеді.  Несие портфелі мен өтініш санының өсуіне байланысты қаражат жетіспеушілік осыдан туындайды. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының 1-3 бағыттары бойынша төленген субсидияларға көз жүгіртелік. 2015 жылы – 26 млрд теңге, 2016 жылы – 31,8 млрд теңге,  2017 жылы 36,1 млрд теңге,  2018 жылы – 40 млрд теңгені құраған.

Басқарма Төрағасының айтуынша «Атамекен» өкілдері «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының жұмыс тобына қосылған. Кәсіпкерлер палатасы өз тәжірибелеріне сүйене отырып,  өңірлерді аймақ ерекшелігін ескере отырып, салаларға негізделген жоспарларды субсидиялау қажет деп санайды.  Ал, қазіргі қолданыстағы бағдарламада бұл талаптар ескерілмеген.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер