astana-view

Made in Belarus: Алматыда Беларусь өнімдерінің көрмесі өтуде

2019 жылғы 10 Сәуір
- Алматы қаласы
3690 просмотров

Беларусиядан 300-ден астам үздік брендтер ұсынылды

 «Атакент-Экспо» көрме кешенінде Беларусьтан келген тауарлардың ауқымды көрмесі басталды. 300-ден астам үздік Беларусь бренд тауарлары әлеуетті сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің назарына ұсынылды, олардың қатарында машина жасау және тау-кен өндіру саласы, мұнай-химия және көлік, тұрмыстық техника мен тамақ өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, ғылыми әзірлемелер мен медициналық туризмдер де бар.

Көрменің ашылу салтанатына Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі Анатолий Ничкасов, Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Андрей Шаханович, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Ақеркін Эралиева, Алматы сауда және инвестициялар палатасының бас директоры Мұхтархан Бияров, екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.

Көрмеге қатысушылар арасында: беларусьтік машина жасау флагманы – «Минск трактор зауыты», «БЕЛАЗ» карьерлік самосвал өндірушісі, «Тәжірибелі өндіріспен ресурс үнемдеу мәселелерінің Солигор Институты», «Белшина», «Брест электротехникалық зауыты», «Автокомпоненттер» холдингі, «Ауыр қалыптау ұсталық зауыты», «Минск мотор зауыты», «Гомель вагон жасау зауыты», «Электроаппаратура» және т. б. болды.

 

Сондай-ақ, көрмеде Беларусь азық-түлік өнімдерін өндірушілер: шұжық өнімдері («Слуцкий ет комбинаты», «Минск ет комбинаты», «Оршан ет комбинаты», «№1 Борисовский ет комбинаты»), құс етінен жасалған өнімдер («Витеб бройлерлік құс фабрикасы»), пісу мерзімі ұзақ қатты ірімшіктер және өзге де сүт өнімдері («Здравушка-милк», «Слуцкий ірімшік жасау комбинаты»), құрғақ сүт, тәтті май, балмұздақ және «Халяль» талаптарына сәйкестік сертификаты бар жартылай қатты ірімшіктер («Барановичский сүт комбинаты»), азық-түлік және азық өнеркәсібі үшін сүт сарысуының негізіндегі ингредиенттер («Праймилк»), кондитерлік өнімдер («Спартак» кондитерлік фабрикасы) кең көлемде ұсынылды.

Беларусь Ұлттық Ғылым академиясы ұйымдастырған беларусьтік ғылыми-техникалық әзірлемелердің ірі экспозициясы ерекше назар аударуға тұрарлық. Экспозиция аясында түрлі салалардағы инновациялық жобалармен танысуға болады. Белсенді фармацевтикалық субстанциядан дайын дәрілік түрге дейін толық технологиялық тізбек бойынша жасалған ісікке қарсы дәрілік заттар Беларусь ҰҒА биоорганикалық химия институтымен ұсынылған. «НПО Орталық» пайдалы қазбаларды ұсақтау және жіктеу үшін ортадан тепкіш жабдықты ұсынды, ол жоғары экономикалық көрсеткіштермен өңдеу процесін жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа материалдар мен бұйымдарды Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының материалтану жөніндегі ғылыми-практикалық орталығы көрсетеді. Жаңа материалдарды қолдану спектрі кең-ғарышы, әуе құрылысы, құрылыс, медицина және қорғаныс қауіпсіздігі болып табылады.

«Қазақстан-Беларусь» бизнес-форумы аясында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, төмендегі мәселелерді қарастырды:

  • номенклатураны кеңейту және екіжақты тауар айналымын арттыру;
  • бірлескен жобалар мен өзара инвестициялар;
  • ғылыми-техникалық өзара іс-қимыл және технологиялар трансфері;
  • өндірістік кооперация;
  • тау-кен өндіру өнеркәсібі мен инфрақұрылымдық жобалар, экспорттық жеткізілімдерді қаржыландыру;
  • денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту.

 

Көрменің ақпараттық стендінде Беларусьтің экономикалық, туристік және мәдени әлеуеті көрсетіліп, Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының анықтамалық-ақпараттық басылымдары таныстырылды: Беларусь Республикасының экспорттық және инвестициялық әлеуеті туралы ақпараты бар анықтамалар қатарында «Беларусь экспорттаушылары» және «Беларусь Бизнес-серіктесі» болды. Көрме мен бизнес-форумның ұйымдастырушысы Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер