astana-view

Парламент Сенаты мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру мәселелері жөніндегі заңды қабылдады

2019 жылғы 12 Сәуір
4212 просмотров

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметті бәсекелестікортаға беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды

Заң «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 97-қадамы шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлесуімен әзірленді.

 Аталған заңды қабылдау есеп беретін, транспарентті және іргелі Үкіметті құру бойынша түсінікті және тұжырымдамалық негізделген бағдарларды қалыптастаруға бағытталған.

 Осылайша заң мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру бойынша базалық тәсілдерді, соның ішінде аутсорсинг, мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік тапсырма, қолданушылар есебінен міндетті өзін-өзі реттеу сынды қызметті берудің әдістерін белгілейді.

 Қызметтерді берудің бірнеше кезеңдерден тұратын механизмі қарастырылған:

  • 1-кезең. Бәсекелестік ортаға және өзін-өзі басқаратын ұйымға беруге арналған мемлекеттік органдар қызметін жыл сайынғы іріктеу (мемлекеттік функцияларды түгендеу);
  • 2-кезең. Әлеуметті жеткізушілерді іздеу мақсатында ҰЭМ және ҰКП ресми сайттарында қызметтер тізбегін жариялау;
  • 3-кезең. Нарықтың дайын болуы талдауы және/немесе реттеушілік әсерді талдауды жүргізу (қызметті беру тәсіліне байланысты);
  • 4-кезең. Мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беруді заңнамалық бекіту.

Заңға сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді беру мәселелері бойынша кәсіпкерлерді біріктіру қызметін атқарады. Осылайша заң қабылданған соң мемлекеттік органдар қызметін бәсекелестік ортаға беру жыл сайынғы негізде жүйелі реттелетін болады.

Жақын күндері заң Президенттің қол қоюына беріледі.

 Айта кетелік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында заңның жүзеге асырылуына Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаменті жетекшілік етеді. Бұған қоса заң Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру жөніндегі комиссияның өкілеттігі мен мәртебесін белгілейді. Комиссия бәсекелік ортаға беруге функциялардың үш тобын қалыптастарып қойды.

 Тізбекпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер