astana-view

Санталапты сақтамсаң айыппұлдың көкесін төлейсің

2019 жылғы 12 Сәуір
- Астана қаласы
5915 просмотров

2019 жылдың 11 сәуірінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне өзгерістер енеді. Атап айтсақ, 425 бап бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен гигиеналық нормалар сақталмаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі 13 есеге артатын болады.

13 есеге өскен айыппұлды кәсіпкерлер санатына бөліп қарастырар болсақ: шағын бизнес өкілдері 600 мың теңге, орта бизнестегілер 800 мың теңге жобасында, алпауыт кәсіпорындар иелері 4 млн теңгеден жоғары сомманы төлйтін болмақ.  

 «Атамекен» қоршаған орта мен тұрғындарға қатысты жауапкершіліктің артқанын қалағанымен, салынатын айыппұлдардың көлемі кәсіпкерлер үшін орасан зор екенін айтуда.  

Алаңдайтын да жөніміз бар. 425 бапқа көз салсақ солқылдақ тұстары да жетерлік. Нақты кесіп-пішіп айтқан ештеңесі жоқ. Осы бапты желеу етіп, әр неге бір соқтығып, болар-болмас дүниеге айыппұл салумен қорқытып, соңы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа апармасына кім кепіл?

Сондықтан да «Атамекеннің» көзқарасы мынадай: егер, тәртіп бұзушылық қоғамға еш залалын тигізбесе және қысқа уақытта түзеуге боларлық дүние болса айыппұл салудың қажеті жоқ.

2019 жылдың 9 сәуірінде ҚР Денсаулық Министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті отырысы бизнес өкілдерінің және Кәсіпкерлер палатасы өакілдерінің қатысуымен өткен болатын.

Отырыс соңы кей жағдайларда ғана, яғни, кішігірім тәртіп бұзушылық кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 64-1 бабы бойынша айыппұл төлемейтін болады.  Осы орайда кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарының жасалу қажеттілігі де сөз болды.

«Атамекен»  кәсіпкерлерге мынадай кеңестер ұсынады.

Кәсіпкерлер кодексі бойынша жоспарлы тексерістер тек қана  жоғары эпидемиялық нысандарға  белгіленген тәртіп бойынша жасалады.

Тексеруші орган тексерілетін мекемеге, нысанға кем дегенде отыз күнтізбелік күн бұрын жоспарлы тексерістің болатындығы жайлы хабарлама жіберуі тиіс.

Тексеруге тексеру парағында жазылған ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі мен ҚР Ұлттық экономика Министрлігі бекіткен талаптар ғана кіреді.

Тексеріс нәтижесі жазылған актімен келіспесеңіз олардан жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана аласыз.

Осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса 8 (7172) 919 355 нөміріне хабарласа аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер