astana-view

22 сәуірде елордада Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтеді

2019 жылғы 15 Сәуір
3510 просмотров

2019 жыл 22 сәуір күні Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инаның Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы және Корея Республикасының жоғары билік органдары өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы, «Hilton»  қонақүйінде Қазақстан-Корея бизнес форумы өтеді.

Форум жұмысына ұлттық компаниялар, экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық және кореялық ірі бизнесінің өкілдері қатысады деп күтілуде.  

  Корея бизнес-ортасының қызығушылығын есепке ала отырып, бұл іс-шара Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыру, екі ел арасындағы кәсіпкерлердің тәжірибе алмасу, іскерлік байланысты кеңейтуге, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған платформаға айналады.

 Осыған байланысты жоғарыда аталған іс-шараға компаниялардың жетекшінің орынбасары лауазымынан төмен емес қызметтегі өкілдерін іс-шараға қатысу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.  

 Бизнес-форумға тіркелу мына  сілтемеде.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: Әсел Байболова, .: +7 7172 279054 (ішкі: 207), email: a.baibolova@atameken.kz және Ибрагим Бекқалиев, тел.: +7 7172 279054 (ішкі: 221), i.bekkaliyev@atameken.kz 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер