astana-view

Қазақстандық индустрия дамыту институты экспорттаушылардың қандай шығындарын өтейді?

2019 жылғы 23 Сәуір
3894 просмотров

Қазақстандық индустрия дамыту институты индустриялық-инновациялық қызметпен  айналысатын субъектілерге ішінара өтелетін шығындардың түрлерін жариялады

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ- тың хабарлауынша, тізімге мынадай шығындар кіреді:

  1. Шетелде тауарларды жарнамалауға қатысты шығындар;
  2. Шетелдік көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдарға қатысуға тікелей байланысты шығындар;
  3. Шетелде таратуға арналған арнайы каталогты әзірлеу, шет тілдеріне аудару және басып шығаруға байланысты шығындар;
  4. Шетелде өкілдікті, сауда нүктесін және қойманы ұстау үшін шығындар;
  5. Шетелде тауар белгілерін (бренд) тіркеуге байланысты процедураларды жүргізу шығындары;
  6. Шетелде тауарларды сертификаттауға байланысты процедураларды жүргізу шығындары;
  7. Тауарларды теміржол көлігі және/немесе автомобиль көлігімен жеткізуге байланысты шығындар (Қазақстан Республикасы ауғамында)

 Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасының 2019 жыл 20 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» №75 Қаулысымен «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ (ары қарай – КИДИ)  мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға, атап айтқанда, отандық өңделген тауарларды ілгерілету үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өкілетті экспортты дамыту мен алға жылжыту саласындағы Ұлттық даму институты болып анықталды.

 Жоғарыда айтылғанға сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жыл 2 сәуірдегі №179 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы»  бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

 Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласу керек: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 8, «Зүбәржат орамы» БО («Б» блогы, 35-қабат), тел.+7(7172) 983 781 (ішкі:1142,1143,1082). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер