Қазақстан мен Корея ынтымақтастық туралы 30-дан астам келісімге қол қойды
Қазақстан Кореямен жалпы сомасы 3,2 млрд АҚШ долларына ынтымақтастық туралы 30-дан астам келісімге қол қойды.
Қол қою рәсімі Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған Қазақстан-Корея бизнес-форумы шеңберінде өтті.
Қол қойылған келісмдердің қатарында «Mineral Product» ЖШС қазақстандық компанияның феррумбалқытпаларын өндіру зауыты құрылысын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумы, кореялық Sac Holding компаниясымен жылыжайларға арналған жабдықтарды өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру туралы келісімі, «Қазлифт» қазақстандық лифт салушы компания» ЖШС және LGS Elevator Korea Ltd. компаниясы арасында лифтілерді өндіру бойынша жобаны іске асыру және лифтілік жабдықты жаңғырту қызметтерін көрсету жобасын жүзеге асыру келісімі бар.
Қазақстанда «Оператор РОП» ЖШС және Hanki Industrial Co кореялық инвестормен жасалған келісімдер шеңберінде қалдықтарды утилизациялау арқылы энергия өндіру зауытының құрылысы басталады. Зауытты салу халыққа үздіксіз жылу мен электр энергиясын беруді қамтамасыз етеді. Қалдықтарды газификациялау бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың тонна қалдықтарды өндіреді.
«Оңтүстік Корея сауда-инвестициялық және технологиялық ынтымқатастықты дамыту тұрғысында Қазақстан үшін 10 басымдыққа ие мемлекеттердің бірі. Біз қарым-қатынасты тереңдету және осы бағытта жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға ынта танытып отырмыз. Қазақстанға жасалған тікелей инвестициядардың өзі 7 млрд АҚШ долларын құраған. Осы салада сәтті үлгілер көп, олардың бірі – кореялық компанияның қатысуымен Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы бар. Кәріс бизнесі Қазақстанның тамақ өнеркәсібі, тау-кен байыту өнеркәсібі, автомобиль және басқа да салларында табысты жұмыс істеуде», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, мұнда тәжірибе Қазақстанға инвестиция салуды қалайтын басқа да кореялық компанияларға белгі болуы керек.
Меморандум аясында биыл кореялық автомобильдерді жинау бойынша зауыттың құрылысы басталады. Міндеттемелерге сәйкес Қазақстан тарапы келесі жылы локализацияның 51%-ын қамтамасыз етпек,
Өз кезеніде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, мәдениет және денсаулық сақтауды дамытуда екі елдің қарым-қатынасын ерекше атап өтті. Мун Чжэ Ин Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бойынша тәжірибесін ерекше атап өтті.
«Қазақстан – ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан соң экономикалық дамуға қол жеткізген мемлекет, Корея түбегі үшін мұндай тәжірибе маңызды үлгі. Осы мәселеде тәжірибелеріңізбен бөлісесіздер деген үміттеміз», – деді Корея Президенті Мун Чжэ Ин.
Форум нәтижесі бойынша тараптар саясат, сауда-экономикалық, инвестициялық даму, мәдени, спорт жәнет туристік салаларда өзара тиміді және практикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ортақ шешімге келді. Сонымен қатар Қазақстан және Корея біліктілікті арттыруда студенттермен алмасу және Арал теңізі проблемаларын бірлесіп шешуді жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: