astana-view

Теміржол тасымалдары дамуының жаңа бағыттары талқыланды

2019 жылғы 29 Сәуір
4802 просмотров

Теміржол тасымалдарының ары қарайғы дамуы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың қатысуымен өткен теміржол көлігі жөніндегі қосалқы комитеттің кеңейтілген отырсында талқыланды

 Жиын барысында тасымалдау процесі қатысушыларының өзара әрекеттесуі, теміржол тасымалы және тариф белгілеу нарығында бәсекелікті құру мәселелері көтеріліп, сонымен қатар қосалқы комитеттің 2018 жылы атқарған жұмысының есебі таңдалды.

 «Қосалқы комитет көлік-логистикалық бизнесті жүргізуді жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы Теміржол қызметтері нарығындағы жаңа субъектілердің өзара әрекеттесуінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс тобы шеңберінде шешусонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығымен жұмыс кездесулер өткізу жоспарланып отыр», – деді Қосалқы комитеттің басшысы Илья Сегал.

 Атап айтқанда, бизнес өкілдері Ұлттық теміржол тасымалдаушысымен ары қарайғы әрекеттестік бойынша ұсыныстарын айтып, Қосалқы комитеттің 2019 жылға арналған Жол картасын қарады.

 «Биыл «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ ҚТЖ компаниялар тобының еншілес ұйымдары ұсынатын басқа қызметтер үшін экспедитор/жүк жөнелтушілердің бірыңғай жеке шоттарынан қаражаттың ақысын төлеу мүмкіндігімен жүк тасымалдау бойынша келісімшарт жасасуды ұсынды. Бұл келісімшарттың шеңберінен тыс.  Бизнес-қоғамдастық өкілдері мұндай ұсыныстар заңға қайшы деп есептейді», – деді «ТрансКом» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Лариса Смирнова.

«Теңізшевройл» ЖШС төрайымы Диляра Досмакова қазіргі таңда бизнес «ҚТЖ-жүк тасымалдары» АҚ-пен ақпараттық әрекеттестік бойынша кедергіге тап болғанын жеткізді, атап айтқанда экспедитор/жүк жөнелтушілердің шоттарынан қаражатты шешу бойынша мәселелер бар.

  «Теміржол тасымалдаушы бір тасымал үшін бірнеше рет қаражат алғаны бойынша оқиғалар бар, шағым түскеннен соң ғана қаражат қайтарылған. Мұндай жайттар клиентке қаржылық ауыртпалық жасап, жүктің тасымалдауына кедергі жасайды», – деді Диляра Досмакова.

Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамыту жөніндегі басқарушы директоры Мейрамкүл Дүзбаева «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың даму стратегиясы, цифрландыру арқылы тасымалдау үдерісінің бизнес-процестерін трансформациялау, инфрақұрылымнан басқа ҚТЖ компаниялар тобының бейінді емес активтерін жүзеге асыру, жолаушылар тасымалы сервисін жақсарту, локомотивтік көліктерге қызмет көрсету тарифтерін белгілеу, жеке тасымалдаушылардың нарыққа шығуына қатысты орта мерзімді перспективада шешу қажет мәселелерге тоқталды.

 «Тасымалдау процесі мәселелерін шешуге зерттеу жүргізу арқылы келуді ұсынамын. Аталған бағытта Көлік және коммуникациялардың ғылыми-зерттеу институтында тасымалдау үдерісін жетілдіруге қатысты ұсынысы бар, ҚТЖ-ға осы мәселе бойынша ынтымақтастықты жақсарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», – деді  Көлік және коммуникациялардың ғылыми-зерттеу институтының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Эдуард Каплан.

Сонымен қатар теміржол саласын жақсарту бойынша жұмыс туралы ақпаратпен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев бөлісті.

 «Министрлік бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының Тұжырымдамасын әзірледі. Аталған заң жобасы теміржол операторының жаңа бизнес-моделін ескере отырып, тасымалдау үдерісіне қатысушылардың қатынастарын реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобасы әзірлену үстінде. Оның шеңберінде көліктік инфрақұрылымды жақсарту және халықаралық тасымалдауды ұлғайту жөніндегі шаралар жоспарланып отыр. Өз кезегінде Министрлік көліктік-логистикалық бизнесті жақсартуға байланысты барлық ұсыныстарды қарауға дайын», – деп атап өтті Берік Камалиев.

 Қорытындылай келе «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ҚТЖ-Жүк тасымалдары «Экспедитор функционалы» саласында келісмідік және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіреді.

 «Клиенттерді шоттарынан екі реттен қаражат алуға келер болсақ, бұл мәселе жуық арада шешілетін болады. Жеке тасымалдаушылардың тариф белгілеу, жолаушы тасымалдары шығындарын субсидиялау, жүк түрлері бойынша кроссубсидиялау саласындағы қызметінің нақты ережелерін анықтау юойынша жұмыс жүргізілмек. Сонымен қатар пилоттық жоба шеңберінде жеке тасымалдаушылардың қызметі шарттарын 2020 жылға дейін қалдыруға шақырамын. Пилот шеңберінде бірлесіп қолнаыстағы заңнаманы жетілдіретін боламыз», – деп атап өтті Сауат Мыңбаев.

 Өз тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов «Теміржол көлігі туралы» Заңға тиісті өзгертулер мен толықтыруларды Парламент қарауға дайын екенін жеткізді.

 Жиын қорытындысы бойынша теміржол көлігі саласында бірлесіп шешуді талап ететін бірқатар мәселелер анықталып, 2019 жылға Жол картасы бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер