Су көлігі саласына маман дайындау және флотты ұлғайту мәселелері талқыланды
Теңіз саласын дамытудың өзекті мәселелері, әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына кәсіпкерлердің ұсыныстарын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы су көлігі жөніндегі қосалқы комитетінің отырысында талқыланды
Отырыс барысында Су көлігі жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы Николай Юдин ҚР-дағы теңіз саласын дамытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселелерді, атап айтқанда отандық теңіз арқылы тасымалдаушылардың мүддесін қорғау, теңіз саласы мамандарын дайындау мәселелеріне тоқталып өтті.
Николай Юдиннің айтуынша, су көлігі туралы қол қойылған келісімді жүзеге асыру үшін бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу қажет.
«Биыл 1 ақпанда көптен күткен Су көлігі туралы келісімге кол қойылғанына қуаныштымыз. Енді қосалқы комитет пен мемлекеттік органдар алдында нормативтік-құқықтық акітелерді әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс тұр», – деді Николай Юдин.
Айлайда салада шешілмеген мәселелер баршылық. Олар: жоғары оқу орындары түлектерінде жұмыс дипломдары мен суда жүзу практикасының болмауы – өзекті. Осындай кемшілік олардың жұмысқа тұруына кедергі болып отыр. Жиын қатысушылары су көлігі саласында кадр әлеуетінің дамуы бірлескен күшті талап ететінін алға тартты.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекованың айтуынша, қазіргі таңда министрлік жүзу практикасын ұйымдастыру бойынша бюджеттік бағдарламаның қызметін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беру бойынша мәселе қаралып жатыр.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитеті төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко бұл сұрақтың маңыздылығын айтып, Халықаралық теңіз ұйымының Ақ тізіміне ену, теңіз көлігі мамандарын оқытуға мемлекеттік грант санын арттыру, сонымен қатар ЖОО оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қолдауының қажеттілігіне назар аударды.
Жиын барысында «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабына өзгерістер енгізу бойынша өкілетті мемлекеттік органдар тарапынан нақты позицияның болмауына қатысты мәселе қаралды. Отандық компаниялар жаңа флотпен толығып, айтарлықтай дамуды жүзеге асырды. Алайда, қазіргі таңда жағадағы жақын жерлерге жүк тасу, жолаушы тасушылық – каботажды тасымалдаулар салдарынан ұлттық флот ішкі нарықта қызмет көрсету мүмкіндігін әрең орындап отыр. Флоттың негізгі бөлігі жұмыссыз қалып, үлкен шығынға батуда. Өйткені «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 11-бабындағы шарттар кедергі болып отыр.
«Қазіргі таңда Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыру үшін алынған кемелердің басым бөлігін мердігер резидент ұйымдары пайдаланып жатыр», – деп мәлімдеді Николай Юдин.
Жиын шеңберінде мемлекеттік органдар және қосалқы комитет мүшелерімен бірге әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына ұсыныстарды талқылады. Осы ретте бизнес-қоғамдастық флотты ұлғайту және паромдарды салу мәселесін көтерді. Орта есеппен 2-4 паром салу ұсынылды.
«Құрық порты» ЖШС Бас директоры Серік Ахметовтың айтуынша, Қазақстан үшін жеке паромдардың болмауы жүктерді тасымалдау географиясын шектейді, шетелдік паром иелері-операторлардың мүмкіндіктері мен қалауына тәуелді етеді және сыртқы нарықтарға тікелей шығуды шектейді.
«Бүгінде Құрық портының паром кешені теміржол және автомобиль құрауышты заманауи инфрақұрылымдық объектілермен қамтылған, бір мезгілде 4 паромды немесе тәулігіне 6 паромды қабылдауды қамтамасыз ететін 2 жабдықталған айлағы бар. Алайда негізгі операторлар – паром иелеріне қатысты теңгерімсіздік өңірдегі ірі жүк құрушы және транзиттік серіктестердің бірі ретінде Қазақстанға өзінің теңіз көлігі саласын толыққанды дамыту үшін жеткілікті экономикалық құрамдастарға ие болуына мүмкіндік бермей отыр», – деді Серік Ахметов.
Бұл бастаманы «НМСК «Қазтеңізтрансфлот» ЖШС бас директорының орынбасары Айдар Оржанов қолдады.
«Флот құрылысы үлкен қаржыны талап ететін инвестициялық жоба және мемлекеттің қолдауынсыз жобалардың қаржы-экономикалық көрсеткіштерін қолдау өте қиын. Ал кемелер қарыз ақшаға салынып жатқанында тіпті қиын. Осыған байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін мемлекеттік бағдарламаға кемелерді сатып алуда несиелерді субсидиялау бойынша норманы қосуды сұраймыз», – деді Айдар Оржанов.
Юрий Лавриненко мұндай ұсынысты толық экономикалық есеппен және жобаны ҚР Қаржы министрлігі алында қорғауға қажет негіздемемен дайындау керектігін алға тартты.
«Бағдарламаға ұсыныстарды қосудан бұрын тиімділіктің нақты анализін көрсету керек. Саланың дамып жатқанын көріп отырмыз, Қытай және Еуропамен маршруттарды жетілдіру жүріп жатыр, осы жайт шығындарды екі есе қысқартуға мүмкіндік берді», – деп хабарлады Юрий Лавриненко.
Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Қайриден Нұркенов «Нұрлы жол» шеңберінде кемелерді сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қосу мүмкіндігіне назар аударды.
«Бұдан бөлек, Министрлік аталған бастаманы теміржол вагондарын сатып алуда субсидиялау немесе лизингтік қаржыландыру механизмдерін қолдану арқылы жүзеге асыру мәселесі қаралуда», – деді Қайриден Нұркенов.
Сонымен қатар отырыс барысында Су көлігі жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы қосалқы комитеттің 2019 жылға Жол картасы жобасын таныстырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: