astana-view

Кассалық-бақылау машиналарын пайдаланудағы сұрақтар мен жауаптар

2019 жылғы 02 Мамыр
2368 просмотров

Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты «Атамекен» алаңында кәсіпкерлерге толық ақпарат ұсыну мақсатында тұрақты түрде дөңгелек үстел жиыны өтіп тұрады.

2019 жылдың 15-16 сәуірі аралығында ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қатысуымен өткен отырыста кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарды жолдап қалды. Сұрақтардың дені жаңа заңдағы өзгерістерге және  Кассалық-бақылау машиналары жайында болды. Қойылған сұрақтар жауапсыз қалмады.

Салық заңнамасындағы кассалық-бақылау машинасы чегі төңірегіндегі сұрақ- жауаптармен  сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.

Отырыс барысында 2016-2018 жылдар аралығында алынған кассалық-бақылау машиналарына салық жүктемесін төмендету жайлы ұсыныс айтылды.

Дегенмен, заңнан аса алмаймыз. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында 2019 жылдан бастап алынған кассалық-бақылау машиналарына салықты төмендету жайлы жазылған.

Бұрындары кассалық-бақылау машиналары шектеулі түрде, акциздік тауарлар сататын кәсіпкерлерден (жанар-жағармай, темекі, алкаголь) талап етілсе, 2019-2020 жылдары стационар емес сауда орындарының кәсіпкерлеріне де міндеттелмек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер