astana-view

«Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдерді қабылдауды бастады

2019 жылғы 06 Мамыр
5022 просмотров

«Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады

«Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері хабарлауы бойынша өтінімдер 2019 жылдың 29 сәуірі мен 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Экспорттаушыларға шығындардың өтемі келесі бөлімдер бойынша жасалады: тауардың шетелдегі жарнамасы; шетелдік көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдарға қатысу; арнайы каталогты әзірлеу, шетел тілдеріне аудары және басып шығару; өкілеттілікті, сауда алаңын, қоймайны ұстау; тауар белгілерін тіркеуге қатысты процедураны өткізу; сонымен қатар қазақстан аумағында тауарларды жеткізу.  

Шығындардың бір бөлігі өтелетін өңделген тауарлар тізбесіне ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе тоңазытылған ет және ет субөнімдер, балық кіреді. Толық тізбемен мына сілтемеден танысуға болады.

 Осылайша, ірі бизнеске өтеуге берілген соманың 30%-ы өтеледі. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне шығындар сомасының 50%-ы өтеледі. Шағын бизнес иелері шығындардың 60%-ын өтеуге мүмкіндік ала алады, деп хабарлайды «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы.

 Шығындардың өтемін алу үшін «CT-KZ», сондай-ақ  «СТ-1» және/немесе «СТ-2» және/немесе «А» және/немесе «Оригинал» формаларында тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың (тауардың шығу тегі сертифкаттары) көшірмесін беру қажет, сонымен қатар сараптама және/немесе өнеркәсіптік куәліктің актілерімен, жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған келісімшарт (келісімшарттар) және оның қосымшасы көшірмесімен бірге қоса беріледі.  

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасайтын айдың алдындағы айдың бірінші жұлдызында Мемлекеттік кірістер органы есебін жүргізетін қарыздардың болмауы (болуы) туралы деректер. Құжаттардың толық тізімімен мына сілтемеден танысуға болады.

 Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты басқа да сұрақтар болса, Қазақстан индустрия және экспорт орталығына хабарласуды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер