astana-view

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен сауда-экономикалық миссияға 15 қазақстандық өндіруші қатысты

2019 жылғы 13 Мамыр
4074 просмотров

28 сәуір мен 2 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен сауда-экономикалық миссияда 15 қазақстандық компания өз өнімдерін таныстырды

 Қазақстан делегациясы құрамына азық-түлік өнімдері, электр-техникалық жабдық, мұнай-химия жабдықтарын өндіруші компаниялар енді.

 Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан іс-шараға 100-ге жуық компания қатысты. Сауда-экономикалық миссия шгеңберінде БАӘ Сауда-өнеркәсіптік палатасы федерациясының төрағасы, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Сыртқы Сауда палатасының Басқарма төрағасы, Абу-Даби палатасының өкілдері және GulfTIC Certification LLC тамақтану бөлімінің директоры баяндама жасады.

 Іс-шараны қазақстандық тараптан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды. Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан БАӘ сауда-өнеркәсіптік палаталары федерациясы, Дубай қаласының кәсіпкерлер палатасы, Абу-Даби қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Шарджа қаласының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырушы болды.

Сауда-экономикалық миссия барысында қазақстандык және араб кәсіпкерлері арасында экономиканың түрлі салаларында: мұнай өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылық жабдығын өндіру, туризм, инвестициялар салаларында В2В форматында келіссөздер жүргізілді.

 Миссия барысында Қазақстанның экспорттық және инвестициялық әлеуетіне арналған баяндамалар тындалды, сонымен қатар ҚР және БАӘ-нің өзара ынтмақтастығы және сауда-экономикалық әріптестігін ары қарай ілгерілетудің келешектігі талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер