astana-view

«Атамекен» жер қойнауын пайдаланушы компанияға 99 млн теңгені сақтап қалуға көмектесті

2019 жылғы 20 Мамыр
2610 просмотров

«Атамекен» жер қойнауын пайдаланушы компанияға өз құқығын қорғап, заңсыз кедендік алымдарды төлемеуге көмектесті

Жер қойнауын пайдаланушылар жиі тап болатын негізгі мәселелер 2013-2017 жылдар кезеңінде экспортталған шикі мұнайдың кедендік құнына көліктік шығындардың қосылмағанына байланысты ауымақты мемлекеттік кірістер органдарының қосымша салық салуына қатысты.  Шағымдар ҚР Қаржы министрілігі Апелляциялық комиссияға да келіп түседі, ал шағымдар бойынша кедендік алымдар мен өсімпұлдар қосамша салықтар 2 млрд теңгеден астам сомаға жеткен.

Мұндай проблеманы ақтаулық «CNPC Интернешионал (Бузачи) Б.В.» корпорациясының филиалы да көрді. Филиал Қазақстандағы «Северные Бузачи» кен орнында «Бузачи» сұрыбындағы мұнайды өндірумен және мұнайды ары қарай үш бағыт бойынша Еуропаға тасымалдаумен айналысады.

Көшпелі тексеру нәтижесінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспортталатын шикі мұнайдың кедендік құнына көлік шығындарына қоспағанына байланысты филиалға  99 564 745 қосымша кеденді алым мен өсімпұл салған. Аумақтық орган бухгалтерлік және салықтық есептер құжаттарына жан-жақты талдау жасамастан шығындарды кедендік құнға қосқан.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаменті Басқарушы директор Дина Мамашеваның жетекшілігімен бұл әрекетті заңсыз және трансфертті баға белгілеу саласындағы операциялар бойынша халықаралық мәмілелерді жүргізудің халықаралық тәжірибесіне қатысты жоқ екенін алға тартты.

Мәселен, мұнай Каспий маңы өңірінде өндіріледі және қазақстандық құбырлар, теңіз танкерлер және ресейлік құбырлар арқылы өткізіледі. ҚР-дан FOB шарттарында (Қара және Балтық теңіздерінің теңіз порттары) экспортталатын шикі мұнай «Инкотермс-2010» ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы нарықтық бағалар бойынша ресми танылған көздерден баға белгілеу негізінде сату нарықтарында қалыптастырылады. Олардың бірі Ptatts агенттігі. FOB шарттары бойынша сату кезінде сатушы тауар тиеп жөнелтудің белгіленген портында кеме терминалынан өтпейінше, тауарға қатысты барлық шығындарды көтеруге және қажет болса,  тауар экспорты үшін кедендік рәсімдерді орындаумен байланысты барлық шығындарды төлеуі керек.

«CNPC Интернешионал (Бузачи) Б.В.» корпорациясы, ҚР кеден заңнамасын басшылыққа алып, кедендік құнды Кеден одағы шекарасында мәміле бағасынан сәйкес анықтап отырған. Ал құн Қазақстанда ресми расталған дереккөз – «Ptatts Grude Oil Marketwire» журналы котировкаларының негізінде анықталады. Осы ретте мұнайдың нарықтық бағасы ішінде мұнайды өндіру және өткізу, соның ішінде баратын жерге дейінгі көліктік шығындарға қатысты барлық шығындар ескерілген баға болып саналады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі кедендік тексеруді қайта жүргізуді ұсынды. Тексерулер барысында бухгалтерлік және салықтық есептер тексерілді. Осындай қайта тексеру сыртқа тасымалданатын мұнайдың кедендік құны ортаесеппен өндірістің өзіндік құны көліктік шығындарды есепке алғанда мұнайды өткізуден екі есе жоғары екенін көрсетті.

 Тиісті түсіндірмелер ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жіберді. Өкінішке қарай, егер мемлекеттік кірістер органы тауарлардың кедендік құнының құрылымы туралы шешім қабылдайтын болса, әрбір жеке жағдайда декларант ұсынған құжаттар пакетін, оның ішінде есепке алу деректерді қарау керек. «Атамекен» мұндай әдісті қолдамайды және «Инкотермс-2010» ережелерін түсіндіру және қолдану, осының ішінде кеден заңнамасына өзгерістерді енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атына «CNPC Интернешионал (Бузачи) Б.В.» корпорациясы филиалынан алғыс хат келді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер