Алматыда «Еуразиялық цифрлық платформалар» байқауының жартылай финалы өтеді
Алматыда «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалардың жыл сайынғы байқауының жартылай финалы өтеді
Іс-шара 2019 жыл 13 маусымда «Деректерді өңдеу орталықтары-2019» (ЦОД) конференциясы аясында ұйымдастырылады.
Байқаудың мақсаты – ЕАЭО мүше-мемлекеттерінде ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қоса алатын компанияларды анықтау, сонымен қатар ЕАЭО біріктірілген ақпараттық жүйесінің функциялық мүмкіндіктерін кеңейту. Биыл байқауға қатысуға өтінімдер 3 бағыт: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және сауда бойынша қабылданады.
Байқаудың жартылай финалы ЕАЭО мемлекеттеріндегі халықаралық форумдар алаңдарында өтеді:
- Ресей Федерациясында (23 мамыр, Иннополис қаласы) – «Өнеркәсіпті Ресейдің цифрлық индустриясы-2019» конференциясы;
- Беларусь Республикасында (6 маусым, Минск қаласы) – «Беларусь агроөнеркәсіп апталығы2019»;
- Қазақстан Республикасында (13 маусым, Алматы қаласы) – «Деректерді өңдеу орталықтары-2019» (ЦОД-2019) конференциясы;
- Армения Республикасы (13 қыркүйек Ереван қаласы) – АРМЕНИЯ EXPO 2019 форумы;
- Қырғыз Республикасы (25 қыркүйек, Бішкек қаласы) – «Еуразиялық апталық-2019» форумы.
27 қыркүйек күні «Еуразиялық апталық-2019» форумы шеңберінде Бішкек қаласында өтетін байқаудың финалына 15 жоба шығады. Байқау жеңімпаздары жобаларын өз елдерінде жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру шеңберінде еуразиялық цифрлық экожүйелеріне шыға алады.
Толық ақпарат мына сілтемеде
Пікір қалдыру:
Пікірлер: