astana-view

4-5 маусым күндері Моңғолияда қазақстандық Сауда-экономикалық миссия өтеді

2019 жылғы 23 Мамыр
1877 просмотров

Қазақстан және Моңғолия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 4-5 маусым аралығында Ұлан-Батор қаласында қазақстандық Сауда-экномикалық миссия өтеді

Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Моңғолияның Ұлтық сауда-өнеркәсіп палатасы.

Миссияның мақсаты – қазақстандық және монғол кәсіпкерлері арасында сауда қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ екі елдің бизнес-құрылымдары арасында өзара тиімді іскерлік байланыстарды белгілеу.

 Қазақстандық тараптан сауда-экономикалық миссияға машина жасау, азық-түлік өнімдері, жеңіл өнеркәсібі және басқа да салада жұмыс істейтін ірі тауар өндірушілер қатысады.

 Бұл іс-шара моңғол кәсіпкерлеріне де, қазақстандық кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді серіктестік байланыстарды орнату, өзара инвестициялар және тығыз іскерлік байланыстарды қолдау, сондай-ақ, екі бауырлас мемлекеттің ішкі нарықтарына өзара енудің жақсы мүмкіндігі.

Барлық сұрақтар бойынша: Ибрагим Бекқалиев, тел: .: +7 7172 279054 (ішкі: 221), e-mail: i.bekkaliyev@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер