«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталғанын хабарлайды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы аналогиясы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың «Жас кәсіпкер» жобасына бизнес-тренерлерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды
Аталған жобаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейді азайту мақсатында жастардың бойында жеке бизнесті ашуға қажетті машықтарды қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.
Нысаналы аудитория – NEET категориясындағы жастар, 18-29 жас аралығындағы жас отбасылардың мүшелері, аз қамтылған көп балалары отбасылардың мүшелері, аз қамтылған еңбекқор мүгедектер.
Оқудың басталуы – 2019 жылдың 3-тоқсаны. Жоба қалалар, аудан орталықтары, моноқалалар және республикалық нысандағы қалаларда жүзеге асады.
Бизнес-тренерге қойылатын талаптар:
- «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
- Бағдарлама шарттары бойынша қаржыландыруды алуға көмектесу;
- Қаржыландыру алған соң жүзеге асқан бизнес-жобаларды сүйемелдеу;
- Аудан/қалаға маркетингтік зерттеуді жүргізу – жоба қатысушылары және басқа да кәсіпкерлік субъектілері арасында экономикалық байланыстарды ары қарай орнықтыру мақсатында бастапқы ақпаратты жинақтау (өткізу тізбегін қалыптастыру).
Кәсіби біліктілік:
- экономика/ педагогика саласында жоғары білімнің болуы (міндетті), басқа мамандықтар – құпталады;
- байланысты салаларда жұмыс өтілінің болуы міндетті. Кәсіпкер, коуч/ментор ретінде тәжірибе және талдау жасай білу құпталады;
- қаржылық сауаттылық/бизнес-жоспарларды құру және түсіндіре білу;
- нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін білу;
- салықтық заңнаманы білу;
- Маркетинг және маркетингтік зерттеуді білу;
- Дербес компьютермен жұмыс істей білу (Excel, Word-пен жұмыс істеу).
Soft skills:
- Мемлекеттк тіл және ресми тілді білу;
- Жоғары коммуникативтік машықтар және келіссөздерді жүргізудегі тәжірибе;
- Әлеуметтік желілердегі іскерлік позиция;
- Командада жұмыс істей алу.
Шарттар:
- 3-6 ай бойы толық жұмыспен қамтылу.
- 3-6 ай бойы ауыл, аудандарға барумен қоса толық жұмыспен қамтылу;
- Баспана бөлек берілмейді, іссапар шығандары өтеледі.
- KPI көрсеткіштері орындалғаны бойынша бонус төленеді.
Жобаға қызығушылық танытсаңыз түйіндемеңізді мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: cvbastau@gmail.com
Пікір қалдыру:
Пікірлер: