astana-view

Отандық туроператорлар Қытайдың «5А» көрнекі жерлерді бағалау жүйесімен танысты

2019 жылғы 27 Мамыр
2226 просмотров

Елордада Қытай туризмі мен мәдениетінің апталығы шеңберінде қытай делегациясының қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті

Тап айтқанда, қонақтар қытай туризмі жұмыс істейтін «5А» жүйесі туралы ақпарат берді. 2007 жылы мемлекеттік бюджетті үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау мақсатында  ҚХР Туризм ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы енді Қытайдың туристік көрнекі жерлеріне 5А жүйесі бойынша рейтинг жасалады деген шешімге келді. Қазіргі таңда ААААА рейтингіне (ең жоғары) 249 объекті ие. Рейтинг 9 мыңнан астам көрнекі жерді қамтиды. 2017 жылдың статистикалық деректеріне сәйкес Қытайдың туристік аймақтарына келген адамдар саны 5,2 млрд бірлікті құраған, ал жалпы кіріс 457 триллион юаньға жеткен.

Қазақстандық кәсіпкерлерге Қытайда ең жоғары рейтингті алу үшін не істеу керектігі жайында ШҰАА маркетинг жөніндегі қауымдастықтың төрағасы, профессор Чэнь Цзян Вэнь әңгімеледі. Ол ААААА категориясында туристік аймақтарды құру, әкімшіліктендіру  және дамыту перспективалары бойынша тәжірибесімен бөлісті.

 «Мұндай көрікті жерлер туристі ең жоғары деңгейге қоюы керек. Көрікті жерді жай ғана құра салуға болмайды, әдетте бұл жанында  міндетті түрде өте жоғары жылдамдықтағы магистраль, теміржол және әуежай бар жекелеген территория болуы керек. Сонымен қатар жоғары білікті гидтер, «жұмсақ» инфрақұрылымның болуы, туристік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. Кез келген сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалуы тиіс, бастысы – өңірде жақсы экологиялық жағдай болуы шарт», – деді Чэнь Цзян Вэнь.

Қытайдың әр көрнекті жері 100-балдық шкала арқылы бағалайды. 5А рейтингі егер объекті 90 балдан кем емес ұпай жинаса ғана беріледі. Бірден ең жоғары рейтингті алу мүмкін емес. Бастапқыда А4 алу керек, осы мәртебеде бір туристік аймақтардың инфрақұрылымы егжей-тегжейлі ойластырылғанын айта кеткен жөн. Аймақ жаяу жүру жолдары, демалыс орындары, дәретханамен қамтылуы керек. Әр туристік аймақ бірегей стильде жасалған, оған бүкіл инфрақұрылымның дизайны, тіпті дәретханалар мен қоқыс жәшіктеріндегі элементтер де бағынады. Сонымен қатар туристерге аймақ картасы, буклеттер, гид қызметі, билеттерді сату қызметі көрсетілетін ақпараттық орталықтың да маңызы зор. Гидтерге келер болсақ, оларға қатаң талап қойылады. Сертификатталған гид – арнайы дайындығы бар маман, 5А категориялы туристік аймақтарда гидтердің 30%-ы – туризм бакалаврын бітіргендер. Ақпарат орталығының маңызды функциясы – туристердің шағымдарымен жұмыс істеу және әр шағым бойынша шара қолдану.

Ақапараттық орталықтардың басқа да фукнцияларына тегін ас суы, қолшатырды жалға алу, ұялы телефондарға арналған қуаттағыш құралдарын тегін беру, ұсақ-түйек заттарды сақтау камерасы, жоғалған затты табу радио қызметі, адамдарды табу немесе іздеуге салу, пошта қызметі, естелік монеталар, мөрлер, таксофон қызметі, мобильді байланыспен ақылы қамту, медициналық бөлім, мүгедектерге арналған арба, балдақтар, балалар арбасы, дәрі-дәрмек қобдишасы және қол арбаларды ұсынады.

 5А категориялы туристік аймақ үшін шопинг-орталық, дүкендер болуы маңызды. Олар аймақта оңтайлы орналасуы қажет, ғимараттар тартымды стильде, әдемі түсте, осы ретте туристік аймақтың ландшафтына сәйкес келуі керек.

  Әр туристік аймақтағы смарт-әкімшіліктендіру аса қызықты, онда туристік аймақтың ресурстарын басқару, мониторинг және бақылау жүйесі, қауіпсіздікті қаматамасыз ету жүйесі, қоғамдық туристік қызметтерді көрсету, жарнама және маркетинг, электронды сауда  алаңы болуы керек.

 Чэнь Цзян Вэнь Қазақстандағы сапары барасында мұнда ерекше табиғат, туристерді қабылдау үшін қажетті ресурстарының барын, алайда бұл ресурстар жекелей жұмыс істейтінің, бүтін туристік өнімнің болмауын тілге тиек етті.

 Туристерді тарту, көрсетілім объектілерінде кәдесый өнімдерін саудалайтын дүңгіршектер жоқ. Мысал ретінде, профессор Ұлттық мұражайды келтірді, онда кәдесыйлар мұражайға сәнді экспонаттар секілді берілген болса, сұранасы жоғары болар еді. Чэнь Цзян Вэньның айтуынша, ол үшін кәдесыйларды өндіріп, сатуға қызығушылық танытқан дизайнерлер, маркетологтарды және бизнесті тарту жөн.

 Елорда кәсіпкері, «Опен Трэвэл Адвайзори» компания өкілі Ринат Қадыров 4А категориясын төмен критерийлер қызықтырды.

 «Шынайлықты назарға алайықшы, мені 2А немесе 3А категориялар қызықтырады. Сонымен қатар осы категориядағы туристік орта чегі мен төлеуге қабілеттілігі көңілімнен шықты», – деді кәсіпкер.

 Чэнь Цзян Вэньнің айтуынша, Қытайда 4А категориядан төмен сервисті жергілікті туристер қолданады екен.   

 «Анағұрлым толық ақпаратты Қытайға барып дайындап, Қазақстанға жібере аламын. Осындай аймақтардың ерекшелігі – бұл үлкен экономикалық қайтарым, туристік аймаққа кеткен шығындар жылдам өтеледі», – деді Чэнь Цзян Вэнь.

Қытай туристі отандық туроператоры үшін әлі де жұмбақ. Қазақстанда қытай туристі нені іздейді, нені қалайтынын түсіне алатын компаниялар аз.

 Чэнь Цзян Вэньнің айтуынша, бұл мәселеде туристік топ келген провинцияға назар аудару керек. Мәселен, Шыңжаң-Ұйғыр автономды округінен келген адамдарға Қазақстан климаты таңсық та, қызықты болмайды, бірақ оларға өңірлер арасында мәдени және тарихи нысандарды аралауды ұсынуға болады.  Ал Қытайдың ішкі провинцияларындағы туристерді Қазақстан табиғаты қызықтырады.

 «Қытай туристі Қазақстанда ақша жаратуға дайын. Мәселен, «Астана Операға» билеттер айтарлықтай арзан (30 юань), ал Қытайда опера театрына бару құны 28 мың теңгені (500 юань) құрайды. Әр қытайлық осында мәдени шараға қуана ақша жұмсайды», – деп атап өтті Чэнь Цзян Вэнь.

 Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қытай тарапымен туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын Еуразия туризм қауымдастығы бірлесіп, қазақстандық авиа компаниялардың транзитті бағыттарын пайдаланатын Қытай азаматтарына арналған 72-сағаттық визасыз режимнің тиімділігіне талдау жүргізді.  

 Анықтама үшін: Қытай туризмі және мәдениеті апталығы – «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың шығыс желі арқылы мәдениет пен туризмді қамтыған 2019 жылғы алғашқы ірі көлемдегі іс-шара. 15 мамырдан бастап 30 маусымға дейін әлем бойынша Қытайдың туристік әлеуеті мен мәдениетіне арналған іс-шаралар өтеді. Әлемнің 53 елінде 257 түрлі ивент, соның ішінде таныстырылымдар, көрмелер, форумдар және әртістердің қойылымы ұйымдастырылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер