astana-view

Сыртқы жарнама туралы ережелер күшіне енді

2019 жылғы 30 Мамыр
5300 просмотров

Сыртқы жарнаманы (визуалды) орналастыру туралы жаңа ережелер мемлекеттік органдар және бизнес арасындағы түсінбеушілктерді шешеді

 Құжатты ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесіп әзірледі. Ережелермен мында танысуға болады.

 Атап айтқанда, Ережелер «сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін бірінші және келесі айларға төлемі Салық кодексімен бекітіліген базалық ай сайынғы мөлшеріне сәйкес, жарнаманың санына қарамастан, оны орналастыру орны және аудан аумағына қарай есептеледі».

 Осыған дейін кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына әкімдіктердің визуалды жарнамаға қатысты әрекеттеріне шағымданған болатын. Әкімдіктер визуалды жарнаманың лед-экрандағы әр сурет үшін салық төлеу қажеттілігі туралы айтқан, бұл шындыққа жанаспайтын әрекет еді.

 Сонымен қатар Ережелерде терезелер мен витриналарды әсемдеуге қатысты даулы мәселер шешілді. Атап айтқанда, терезелерде ақпаратты орналастыруға рұқсат етілген, бірақ әйнектің ішкі жағына және сауда нүктесіндегі сатылатын тауарлар мен қызмет түрлері туралы ақпаратты орналастыруға болады.  

 Бұдан бөлек визуалды жарнаманы жергілікті атқарушы органдар немесе инвесторлар жеке қаражаттарына орналастырған көше жиһазына (жабдық) визуалды жарнаманы жариялау рұқсат етілген. Ол үшін жергілікті атқарушы органдармен ашық байқауларды жүргізу қорытындылары негізінде келісімшарттар жасау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер