astana-view

Дүниежүзілік Банк бизнесті дамытуға жағдай жасау бойынша Қазақстанның реформаларымен танысты

2019 жылғы 04 Маусым
2406 просмотров

Қазақстандық делегация кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсартуға қатысты ел ауқымында жүргізіліп жатқан реформаларды Дүниежүзілік Банктің Вашингтон қаласында орналасқан кеңсесінде таныстырады

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, сонымен қатар бизнестің позициясын Басқарушы директор Ербол Өстеміров таныстыратын болады.

 Естеріңізге салсақ, Үкімет және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмысты жүргізуде.

 Осы жұмыстың сыртқы объективті бағалауы – Дүниежүзілік Банкінің елдегі бизнесті жүргізу жеңілдігін анықтайтын «Doing Business» рейтингі болып отыр.

 Жүргізіліп жатқан жұмыс аталған рейтингте жақсы нәтиже көрсетті, оған Қазақстан 28-орынға көтерілген Дүниежүзілік Банктің «Doing Business - 2019» рейтингі дәлел.

 «Атамекен» ҰКП осы жұмысты атқаруда белсенді әрекет етуде – халықаралық сарапшылардың ұсынымдары бірлесіп қаралады, бизнес-қоғамдастықтың шоғырланған позициясын қалыптастыру қамтамасыз етілуде, кездесулер мен талқылаулар ұйымдастырылып, кәсіпкерлер арасында елде жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

 Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде позициясын жақсарту бойынша заңнамаға келесі индикаторлар бойынша өзгерістер енгізілді: 

  • Кәсіпорындар ашу;
  • Электр энергиясымен жабдықтау жүйесіне қосылу;
  • Құрылыс жүргізуге рұқсат алу;
  • Халықаралық сауда;
  • Несие алу;
  • Миноритарлы инвесторларды қорғау.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер