astana-view

«Дала сыры»: Нұр-Сұлтан қаласында фотограф Илья Афанасьевтің көрмесі ашылды

2019 жылғы 06 Маусым
2537 просмотров

Дала сырын отандық фотограф Илья Афанасьев суреттері арқылы көрсетті, автордың жеке көрмесі 5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында ашылды. Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП және Еуразиялық туризм қауымдастығының қолдауымен өтуде

Көрменің басталуына 5 минут қалған уақытта Илья Афанасьев тағы бір рет  фотосуреттерді жіті қарап шығады, орындарын алмастырып, жарық қосуды сұрайды. Өйткені бүгінгі экспозиция – кезекті көрме емес, отандық туризм дамуындағы жаңа кезеңнің айқын көрінісі.

 «Атамекенмен» бірге ұйымдастырған фотокөрмелердің тарихы үш жыл бұрын басталған, алғашқы рет біз Қазақстан-Қытай туристік форумын өткіздік. Кейін Қазақстандағы Қытай туризмі жылына орай  Жібек жолы фестивалін, басқа жа бірқатар іс-шараларды ұйымдастырдық. Бастамаларымыз, соның ішінде осындай фотокөрмелер қолдау табады. Осы көрме арқылы «Қазақстан бойынша саяхаттау қызықты!» деген ойды баршаға жеткізгіміз келді» – деді көрменің ұйымдастырушысы, Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева.

 Мәдени-рухани дамудан бөлек отандық фотографтардың мұндай көрмелері елдегі туризмді дамытуда орасан мәнге ие. 

 «Туризм – әсер алу индустриясы. Саяхатты жоспарлағанда біз бірінші кезекте бағалар, логистикаға көңіл бөлеміз, фотосуреттерді қарап шығамыз. Бүгінде ішкі туризмді дамыту бойынша жұмыс белсендірілген. Бірақ біз демала алатын жерлер мен табиғиғаты көрікті орындар туралы ақпарат жетіспей жатады. Осыған байланысты туристік бағыттарды ілгерілету бойынша барлық әдістердің маңызы зор. Сондықтан «Атамекен» ішкі туризмнің әлеуетіне арналған фотокөрмелерге бірнеше жыл бойы қолдау көрсетіп келеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының Кеңесшісі Юлия Якупбаева.         

               

Фото: Илья Афанасьев

Көрме басталуының алғашқы минуттарында фотографқа Astana Convention Bureau компаниясынан ынтымақтастық туралы ұсыныс түсті.

«Біз жыл сайын қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және қытай тілінде елорда бойынша жол сілтемені әзірлейміз. Сонымен қатар әрқашан асапалы фотосуреттер болмай қалуына тап боламыз. Сіздің жұмыстарыңызды осында жариялауға қуанар едік», – деп атап өтті  Astana Convention Bureau туристік инфрақұрылымды дамыту департаментінің жетекшісі Саят Құсайынов.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, мұндай фотокөрмелер – елорда тұрғындары және қонақтары демалысының жаңа деңгейі ғана емес, сонымен қатар туристік бизнеске арналған өзіндік қолдау.

 «Travel-фотография – әлеуметтік желілерде бірегей трендке айналған қозғалыс. Қазақстан бойынша саяхаттау сәнге айналып келеді. Фотосуретпен бірге адамдар жағымды да, жағымсыз пікір жазады. Ақпараттық вакуум толығуда. Жаңа орындар мен бағыттар ашылып жатыр. Жетіспеушіліктермен олқылықтар жойылып келеді. Демек, келешекте иифрақұрылым, қызмет көрсету сапасы, орналастыру орындарының толығуы жақсартылады»,  – деді Юлия Якупбаева.

Көрме ұйымдастырушыларының алдында тұрған басты мәселе – еліміздің ауқымы мен көрікті жерлерінің сан алуандығын көрсету болды.

 «Әрине, Илья сан түрлі жұмыстарының арасынан бірнеше ондық сурет таңдау қиынға соқты, дегенмен, біз ең кереметін алуға тырыстық. Қазақстанның барлық қырын, шексіз дала, жұмбақ орман мен кербез тауларды көрсете алдық деп ойлаймын», – деді Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева.

Көрменің ресми бөлігінің аяқталауынан кейін  Илья Афанасьев оған көрменің атауын таңдауға және экспозицияға суреттер топтамасын әзірлеуге кім көмектескенін айтты.Өз жұмыстары арасында үздік туандыларды іріктеу өзіне қиын болатынын алға тартып, фотограф көремеге фотосуреттерді бекіту құқығын Еуразиялық туризм қауымдстығы және «Атамекенге» тапсырған екен.

«Маған көрменің атауы ұнады. Атауына қатысты бәріміз ұзақ ойландық, 50-ге жуық нұсқа ұсынылды. «Дала сыры» дегенді естігенде, оған даланың не қатысы бар деп ойладым. Өйткені мен таулар, өзендер, ормандарды көрсетемін ғой. Ал шын мәнінде мұндай атау жақсы келеді, өйткені Қазақстанды адамдар, әсересе шетелдіктер даламен салыстырады, ал қалғаны ланшафтар – бұл туристтер әлі тануы керек дала сырының дәл өзі», – деп атап өтті Илья Афанасьев.

Сонымен қатар көрме ашылуы шеңберінде суретші Travel-фотография бойынша шеберлік сабағын өткізіп, әр сапардан қанық әрі әсерге толы кадрларды жасау құпияларымен бөлісті.

 Фотографтың туындыларын 5-10 маусым аралығында Wyndham Garden Astana қонақүйінде және 11-17 маусым аралығында «Кереуен» сауда – ойын-сауық орталығынан тамашалауға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер