Таңбалаудың бірыңғай операторы байқау негізінде таңдалады
Бизнес-қоғамдастық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторын анықтаудың негізгі талаптары мен тәртібін, сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Жобалық алқа шеңберінде алкогольді өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жобаны қарастырды
Отырыс барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Арман Шаққалиев тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторын анықтаудың негізгі талаптары мен тәртібін таныстырып, бірыңғай оператор байқау негізінде таңдалатынын хабарлады.
Өз кезегінде бизнес өкілдері бірыңғай операторды анықтауға қатысты ұсыныстар мен ескертпелерін ортаға салды. Атап айтқанда, отандық кәсіпкерлер бизнестің қаржылық ауыртпалығын төмендету, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікпен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында бірыңғай операторды таңдау бойынша негізгі аспектілерді бірлесіп мақұлдауды ұсынды.
Сондай-ақ, Жобалық алқа отырысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының жетекшісі Ермек Сырғабаев алкогольді өнімді таңбалау бойынша пилоттық жобаны таныстырды. Аталған таңбалаудың пилоттық жобасына ««ҚазАлкоТемекі» және «QazSpirits» қауымдастықтарына мүше кәсіпорындары қатысуға ынта танытты.
Тауарларды таңбалауға қатысты барлық сұрақтармен ҰКП Экономикалық интеграциялау департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел: 8 (7172) -91-93-73
Пікір қалдыру:
Пікірлер: