astana-view

1-2 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкер әйелдерге арналған тегін шеберлік сабағы өтеді

2019 жылғы 24 Маусым
3126 просмотров

Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылған «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» тегін шеберлік сабағы 1-2 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында өтеді

Іс-шараның мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және ауыл әйелдерінің экономикалық әлеуетін дамыту.

Семинар шеңберінде ауыл қыз-келіншектері халықаралық ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік инвесторлармен бірге В2В форматында келіссөздер жүргізіп, оқу семинарларында кездесе алады

   Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес-бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.

  Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады, жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.

 Қатысушылар бизнес-жоспарды құру, әлеуетті клиенттерді табу, жарнаманы құру және бизнесті интернет арқылы алға жылжыту дағдыларын үйренеді.

 Іс-шара Өскемен қаласы, «Ертіс» қонақүйінде өтеді.

Семинарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жазылуға болады, oskemen@atameken.kz

Естеріңізге салсақ, Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ұйымдастыруымен тегін оқу семинарлары еліміздің 15 өңірінде өтеді

Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдарының таныстырылымдары енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

 Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер