astana-view

Алматылық кәсіпкерлер машина жасау секторына қызығушылық танытуда

2019 жылғы 03 Шілде
- Алматы қаласы
1607 просмотров

Павел Беклемишев: 2018 жылы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына машина жасау саласы үшін мамандықтар бойынша оқуға қабылданған оқушылардың жалпы саны 22 мың адам

Әлемдегі беделді мамандықтардың ондығының 40%-ы машина жасауға тікелей қатысы бар. Бұл сала жоғары және арнайы білімі бар мамандардың кең ауқымын талап етеді. 2019 жылдан бастап кадрларды бағалау және даярлау жүйесін қалыптастыруға негіз болатын кәсіби стандарттарды әзірлеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында айтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Машина жасау және металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары Павел Беклемишевтің мәлімдеуінше, соңғы 5 жылда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуға қабылданғандар саны артты. 2018 жылы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына машина жасау саласы үшін мамандықтар бойынша оқуға қабылданған оқушылардың жалпы саны 22 мың адам, оқитындардыі саны – 62,8 мың адамды құрады. Жол картасында өндірістік практикадан өту кезінде шығындарды бірлесіп қаржыландыру шарттарын белгілеу бөлігінде дуалды білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау көзделеді: мемлекеттік/оқу орны 70%, жұмыс беруші 30%», – деп атап өтті Павел Беклемишев.

Мұнай-газ машиналарын жасау өнімдерінің импорттық алмастыру мүмкіндігі 56,7 млрд.теңгені құрайды, бұл сомаға отандық кәсіпорындар импорттың жалпы көлемін қосымша жеткізуге дайын, одан әрі олар, ірі операторлар үшін 100 млрд.теңгеге дейінгі көлемде жаңа өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруді жолға қоюға дайын екендіктерін білдіреді.

«Бүгінгі таңда машина жасаушылардың металға деген жыл сайынғы жалпы қажеттілігі 2 млн тоннаны құрайды, оның ішінде құйылуы 200 мың тоннаны беріп отыр. Отандық машина жасаушылар Ресей мен Қытайдан металл мен дайындамаларды сатып алуға мәжбүр. Әлемдік тәжірибеде шағын металлургия зауытын салу 100-150 млн. АҚШ долларын құрады, құю зауытының құрылысы 30-35 млн.еуроға бағаланады. Көрсетілген іс-шараларды іске асыру отандық машина жасау өндірісінің көлемін және еңбек өнімділігінің кемінде 2 есе өсуіне ықпал ететін болады», – деп мәлімдеді машина жасау және металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары Павел Беклемишев өз сөзінде.

Сондай-ақ, қазақстандық машина жасау өнімдерінің экспортын ұлғайтатын қазіргі қуаттарды жаңғыртуды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салықтық преференцияларды енгізу мәселесін пысықтау ұсынылады.

Естеріңізге салатын болса, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №115-ө өкімімен Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Жол картасын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп әзірледі.

Бұл құжат машина жасау саласын дамытудың орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық көрінісі болып табылады.

Құжаттың басты мақсаты – отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және саланың экспорттық әлеуетін арттыру үшін негізгі міндеттерді айқындау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер