astana-view

Осы аптада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы алты өңірде өтеді

2019 жылғы 10 Шілде
3977 просмотров

Байқауға келген қонақтар республикада шығарылатын тауарлар ауқымын көріп қана қоймай, оларды тауар өндірушілер бағасымен сатып ала алады

11-12 шілде аралығында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы Алматы қаласында өтеді. Биыл Алматыдан үздік компания атағын алуға 70-ке жуық компания қатыспақ, олардың қатарында киім, аяқ киім, медициналық жабдық, балалар ойыншықтары, азық-түлік, техника өндіруші кәсіпорындар бар. Байқау қонақтары көрмеге қойылған тауарлардың сапасын бағалап, қалаған өнімді арзан бағамен сатып алуға, сондайа-ақ жүлде ұтысына қатысуға мүмкіндік алады.

Өтетін орны: «Grand Park» сауда – ойын-сауық орталығы, 5-блок, «Grand Star» көрме алаңы.

13 шілде күні «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы бірден бес өңірде: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды қаласы, Орал қаласы, Қызылорда қаласы және Көкшетау қаласында өтеді.

 Дәстүрлі түрде жеңімпаздар үш аталым: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықталады. Биыл әлеуетті қатысушылар арасында азық-түлік өнмідері, киім, текстиль, жиһаз, медициналық, химиялық, құрылыс саласындағы заттарды шығаратын компаниялар бар.

 

 Сонымен қатар шілде айының соңында көрме-байқаулар Шымкент қаласы және Түркістан қаласында өтеді.

 Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушылары «Атамекен» ҚР ҰКП және Өңірлік кәсіпкерлер палаталары болып бекітілді.

 Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары республикалық деңгейдегі байқауға қатысуға жолдама алады, сондай-ақ өз өнімі жайында бүкіл республикаға жариялау мүмкіндігіне ие болады.

 Байқаулар туралы толық ақпаратты  www.altynsapa.kz сайтынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер