Корпоративті басқаруды дамытуда әлеует бар
Отандық компанияларда корпоративті басқару жүйесін қалай жолға қоюға болады? «Атамекен» алаңында корпоративті басқарудың құралдары мен тәсілдері қаралды
Экономикасы дамыған мемлекеттердегі ірі компаниялар корпоративті басқаруға әрі көшкен әрі табысты жұмыс істеуде. Бұл акционерлер, Дңиректорлар кеңесі және Басқарма арасындағы қарым-қатынас жүйесі, ондағы әр буын өзінің нақты жазылған міндеттемелерін орындайды. Мұндай жүйе бизнес тәуекелдерін азайтуға, ішкі бақылауды күшейтуге, компания ашықтығын, оның серіктестер алдында тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл жүйені Қазақстанда енгізу мақсатында былтыр «Атмаекен» Төралқасы жанында Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылып, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская жетекшілік етті. Кеңестің кезекті отырысында мүшелер Ұлттық стандарттарды қалыптастыру тұжырымдамасы және Отандық компаниялардың корпоративті басқару деңгейін бағалау және ретингі әдістемесін қарастырды.
«Компания иелері тікелей басқару жүргізе бермейді. Мәселен, IPO жүйесі: адамдар акцияларды сатып алады, ақшаларын беріп, диведенттер алуға үміттенеді. Бірақ мұнымен кәсіби басқарушылар айналысады, яғни бизнес саласын түсінетін адамдар. Сондықтан олар компания иелерімен белгілі бір өзара қатынасты орнатуы қажет. Бүгін қарастырып отырған ұлттық стандарттар дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Стандарттар басқаруды ашық ету, сондай-ақ басқарушылар өз құзіретін асыра пайдаланбауына қадалауға мүмкіндік жасайды», – деді Екатерина Никитинская.
Ұлттық стандарттарды қалыптастыру тұжырымдамасы – бұл «Атамекен» әзірлеген өзіндік «жол картасы», оның негізінде өзекті стандарттарды әзірлеуге болады. Осы ретте стандарттарда квазимемлекеттік сектор компаниялары, қаржылық және листингілік компаниялардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың жұмыс ерекшеліктері ескеріледі. Өз кезегінде Бағалау әдістемесі корпоративті басқарудың деңгейі мен сапасын анықтап отыратын болады.
«Әдістемені мамандардың бағалаушылық талқылауынан, субъектіивті пікірден барынша кетіп, құрылымдауға тырыстық. Әдістеме нұсқаулықтар, құралдар, ретинг шығару үшін қажет балдар мен олардың мәндерінен тұрады. Әдістеме түрлі нысаналы топтардың болуын қарастырады», – деді «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының мүшесі Айгүл Тасболат.
Жалпы алғанда, қатысушылардың пікірінше, Қазақстанда корпоративті басқаруды енгізуге жақсы іргестас бар. Корпоративті басқару терең әрі сәтті енгізілген бизнес сегменттері де бар. Бұл бірінші кезекте квазимемлекеттік компаниялар және қор биржасына шыққан компаниялар. Алайда бұл бағыттағы жұмыс ауқымы әлі де үлкен.
«Мұндай компанияларда критерийлердің тізбесі бар, оларға сәйкес келу керек. Тәуелсіз директорлар жүйесі жолға қойылған, демек бір мүшенің мүддесі екінші мүшенің мүддесінен басым түспеуі үшін әр кеңесте кәсіби тәуелсіз директорлары болуы керек. Қазір алдымызға міндет қойдық. Біріншіден, бүгінде бізде заңды тұлғалардың басым бөлігі акционерлік қоғамы формасында емес жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген, ал осы сегментте басқару сапасының стандарттары жүйесі жоқ. Компания иелерінің мүддесін қорғау реттелмеген, біз осы кескінді корпоратвитік басқару жүйесіне жұмылдырмақпыз», – деді Екатерина Никитинская.
Қатысушылар үздік халықаралық және ұлттық практиканы ескере отырып, корпоративті басқару бойынша қабылданған шаралар компанияларды басқарудың ашықтығы мен сапасын арттыруға көмектеседі деген сенімде. Басқарудың мұндай түрі тәуекелдерді тиімді реттеу, ішкі бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Осының бәрі ел компаниядарында тиісті корпоративті басқарудың негізін қалауға мүмкіндік беріп, Қазақстан нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және экономиканы дамытуна жағдай жасайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: