astana-view

Алматыда «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші легі аяқталды

2019 жылғы 19 Шілде
- Алматы қаласы
2676 просмотров

Алматылық 100-ден астам кәсіпкер «Іскерлік байланыс» жобасына қатысып, үш апталық оқу шеңберінде бизнес-тренингтерден өтіп, басқарушылық сапаны арттыру, бизнес жобалау, тайм-менеджмент, келіссөздер технологиясы, біліктілікті жақсарту, халықаралық ынтымақтастық бизнес-жоспарды әзірлеуге қажетті тиімді презентациялармен танысып арнайы сертификаттарды алды. Көрсетілген барлық қызметтер қатысушыларға тегін түрде өткізілді.

«Өзім кәсіпкерлікпен айналысамын. Балаларға мектептен тыс қосымша білім беру орталығым бар. Біз балаларға физика, математика, биология, химия және ағылшын тілдері бойынша қосымша білім береміз. Бұл жобаға биыл алғаш рет қатысып отырмын. Жұмыс істеймін деген адам баласына теориялық тәжірбие қашанда керек. Қазіргі таңда Қазақстан 30 мемлекеттің қатарына кіруді жоспарлап отыр. Бұл санатта халықтын сауаттылығы, екінші жағынан бизнестің өсуіне, ұлттық экономиканың дамуына елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Сондықтан да кез-келген істі кәсіби тұрғыда орындауымыз керек. Бір қарағанда бизнес аса ғылымды талап етпейтін дүние болып көрінеді.  Алайда осында келіп зерттей бастаған кезде, бұл саланың теорияға, ғылымға сүйенетініне көз жеткізіп отырмын. Осы ғылымды жан-жақты үйрену кәсіпкерліктің шынына жеткізеді деп білемін», – деп атап өтті «Әшірбаев» жеке білім беру орталығының директоры Шермат Әшірбаев.

«Бизнестің жол картасы-2020»  бизнесті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Іскерлік байланыс» жобасы, біздің кәсіпкерлерге осындай мүмкіндіктерді беруде.

«Менің өзіме қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестігім болған. Алайда белгілі жағдайларға байланысты, жұмысым тоқтап қалды. Осындай ситуациядан шығу үшін, шешу жолдарын қарастырып, «Атамекен» ҰКП сайтына кіріп бағдарламалармен таныстым. Кейінірек менеджерлермен сөйлесіп байланысқа шықтым. Қосымша білім алу жолдары бойынша кеңестер алдым. Жұмысшы ретінде емес, өзім үшін іздендім.  Барлығын қайта жаңадан бастап, жеке кәсіпкерлікті ашқым келді. Содан ары қарай «Бизнес-Кеңесші» бойынша білім алдым, кейін «Іскерлік байланыс» жобасына өтінім қалдырдым. Ісімді қайта бастамас бұрын, белсенді, сапалы, қызмет істеу үшін осында келдім», – деп айтты «S.Erlan» жеке кәсіпкерлігінің директоры Сәкен Баянов.

Жобының басты мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.

Жобаның екінші кезеңі бойынша қатысушылар Германияға тегін түрде төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдаманы және технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу, франшизалар мен лицензиялар сатып алу, халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу, бірлескен кәсіпорындар құру сияқты бағыттар бойынша шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігін қарастыратын болады. Яғни, жергілікті кәсіпкерлер үшінт – «бұл өз бизнесін дамытуға қадам басудың үлкен мүмкіндігі.

«Іскерлік байланыс» құрауышы туралы қосымша ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе жауапты маманға хабарласыңыздар: Қасымбек Гүлжан 8 (7272) 331 01 33 ішкі байланыс (816).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер