«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

«Атамекен-Тағылымгер»: жеңімпаздар анықталды

19 Шілде 2019
1159 просмотров

Отандық жоғары оқу орындарының үш түлегі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 3 айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

Естеріңізге салсақ, осы жылдың сәуір айында «Атамекен-Тағылымгер» жобасы іске қосылған, оның мақсаты жоғары оқу орындарының озат түлектерін «Атамекен» ҚР ҰКП-ға тарту.

Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде магистранттар мен бакалавриаттың 4 курс студенттері, 2018-2019 жылғы түлектер өздерінің «Атамекенде» не үшін жұмыс істегілері келетіні жайында мотивациялық хаттарын ұйымдастырушыларға жіберді. Екінші кезең – тестілеу және бетпе-бет тілдесу жүргізілді.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 3 түлекті таңдады, олар үш ай бойы түрлі департаменттерден тағлымдамадан өтеді, сонымен қатар жұмысқа тұру мүмкіндігін алады.

«Атамекеннің» тағылымгерлері атанған түлектер:

 1) Әлия Камали;
2) Айжан Жансейітова;
3) Салидат Жансейітова.
Тағылымдаманың басталуы 2019 жыл 19 тамызға жоспарланған. Жеңімпаздарды құттықтап, тағылымдаманың сәтті, нәтижелі өтуін тілейміз.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер