astana-view

«Атамекен» қолдау орталығы»: алғашқы күннің нәтижесі

2019 жылғы 24 Шілде
7258 просмотров

Алғашқы жұмыс күнінде «Атамекен» қолдау орталығына»  45-тен астам адам келді

Қарбаласқа қарамастан, елордалық тұрғындар көмек алу, сұрақтарға жауап алып, жаңа мамандықты тегін оқып алу мақсатында орталықтарға қызығушылықпен келуде. «Атамекен» қолдау орталығының» басты міндеті – байланыс орнату және жұмыссыз халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету. Адамдар орталық туралы жолай өтіп немесе қызметкерлерден естіп жатыр – орталық мамандары күні бойы базар аумағында жүріп, қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  

Екі апта бұрын «Ұлжан» базарында кеңесші Мархабат Балабекова өзі жұмыс іздеп жүрген, енді келіншек «Атамекен» қолдау орталығында» жұмыс істейді.

«Мен 4 ай бойы жұмыс іздедім, кейін оқудан өтіп, кеңесші болдым. Қазір мен халыққа жеке кәсіп ашуға, грант алып немесе жаңа мамандықты игеруге көп бағдарламалар, тіпті шәкіртақы алуға мүмкіндіктер барын жеткізуім керек. Базарды жаяу аралап шықтым, жақын маңдағы көшелерді аралап, ауданды жеке көлігіммен жүріп өттім. Халыққа осындай қолдау бағдарламалары туралы айтқым келді. Ақпаратпен бөліскенімде көп адамдар тегін оқу туралы естіп, қуанады. Бұл жұмыссыздар үшін жақсы мүмкіндік», – дейді Мархабат Балабекова.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары қолдау бағдарламаларына ерекше қызығушылық танытуда. Жаза өтеу орындарынан босағандар, ауруға шалдыққан адамдар, жетімдер жаңа мамандықты игеріп, өздерін жұмыспен қамтығысы келеді.

 Әзірге тестілеуден өткен адамдардың басым бөлігі «Бастау» және «Жас кәіпкер» жобаларының болашақ қатысушылары, олар кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке кәсіп ашуды жоспарлауда Орталыққа келуші Арлан Сыздықов кеңес алып, тестілеуді тапсырды, енді жуырда «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқуға қатысады.

 «Орталықтың ашылуы жайында естіп, кеңес алуға келдім. Бүгінде жас буын жаңа бастамаларға ашық, көбі жеке кәсіптің болғанын қалайды, кәсіпті тез ашып, бірақ тез жауып жатады. Көп жағдайда тәжірибе жеткіліксіз, бухгалтерлік және заңгерлік істе білім аз. Сондықтан «Жас кәсіпкер» жобасына қатысуға бел будым, тестілеуден өтіп, 78 балл жинадым, енді оқуға дайындалудамын», – дейді Арлан Сыздықов.

 Жас жігіттен гөрі Борис Рыжконың кәсіпкерлікте 1990 жылдан бері тәжірибесі бар. Бүгінде ер азамат зейнет жаста, алайда өзінің идеясын жүзеге асырып, Нұр-Сұлтан қаласында жыл бойы жеміс беретін жылыжай шаруашылығын қолға алмақ.

 «Көшеде келе жатып, орталықты көрдім де ішіне кірдім. Орталық идеясы қызықтырды, егер өзіме тиімді қолдауды алатын болсам, тамаша болар еді. Қазір менде елордада жыл он екі ай жұмыс істейтін жылыждай ашу мүмкіндігім бар. Жылыжай көкөніс пен жемістермен отбасымды қамтамасыз етіп, табыс әкелер еді. Өңірімізде алты ай бойы қыс, ал қалған мезгіл қыс мезгіліне ұқсайды, сондықтан идеям жақсы, бұл жерде термос жүйесін құру қажет. Жылыжайды жылуға қосу оңай, ал жылуды ұстап тұру қиынырақ. Жылыжайым дайын, енді әйнектерді орнату ғана қалды, ал құрылыс материалы қымбат. Жобама 500 мың теңге жетіп артылады, осылайша кәсіп бастап кету жоспарым бар», – деді  Борис Рыжко. 

Жобаның тағы бір болашақ қатысушысы – Айгерім Сұлтанова. Бастапқыда әйел жаңа мамандықты игермек оймен орталыққа келген, кейін «Бастау» жобасы туралы естіген соң жоспары өзгерді. Айгерім осыған дейін жеке кәсіп бастаған болатын, алайда орынжайды жалдау қиынға соғып, бизнесті тоқтатуға тура келген.

«Бүгін тестілеуден өтіп, 73 балл жинадым. Ендігі жоспарым оқуға қатысып, жеңілдікпен несие алу, осы қаражатқа сұлулық салоны мен брендті косместика дүкенін ашу. Мен маникюр жасауда үлкен тәжірибем бар, сондай-ақ сатумен айналыстым. Жалдау құнының қымбатшылығы, салықтар, құралдарға кететін шығын, жарнама шығындары салдарынан 2015 жылы бизнеті жабуға тура келді. Осындай орталықтарды ашу бастамасы жақсы. Көп жастар көше кезіп, жұмыссыз жүр. Орталықтар тегін оқып, жеке идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Айгерім Сұлтанова.  

Әр орталықта 5 адам: орталық және базар аумағында менеджер-кеңесшілер, сонымен қатар кәсіби бағдар жұмысымен көмектесетін жеке қабілетті дамыту кеңесшісі жұмыс істейді.

 Естерңізге салсақ, жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің бірлесуімен іске асырылуда.

 Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары дүйсенбіден басқа күндері сағат 10:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайлары: «Сапар» базары – Алаш тасжолы 31/1; «Ұлжан» әмбебап базары» – Тілендиев д-лы 24; «Эталон» сауда-құрылыс базары – Бөгенбай батыр д-лы 6/5.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер