Қайта тіркеу және тариф белгілеу: Вагон иелері саланың ағымдағы мәселелерін талқылады
Теміржол саласының жағдайы мен даму келешегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың қатысуымен өткен Теміржол көлігі бойынша қосалқы комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды
Жиын барысында қосалқы комитеттің төрағасы Илья Сегал тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуі, вагондарды қайта тіркеу процедурасы, тариф белгілеу жөнінде мәселелерді көтерді, сонымен қатар қосалқы комитеттің 2019 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмысының есебі тыңдалды.
«Қосалқы комтет ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанында нормативтік-құқықтық базаны жетілдру және теміржол қызметтері нарығында жаңа субъектілердің әрекеттесуі технологиялары жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде, сондай-ақ «ҚТЖ»ҰК» АҚ басшылығымен өткен жұмыс кездесулер барысында түйткілді мәселелерді шешу бойынша бірқатар жұмысты атқарды», – деді Илья Сегал.
Бұдан бөлек, Илья Сегалдың айтуынша, қазіргі таңда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Қазақстан темір жол» ҰК» акционерлік қоғамымен бірлесіп, интерфейс құру арқылы бір терезе бойынша вагондарды тіркеу және қайта тіркеу қызметтерін алу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіру мүмкіндігін пысықтау қажет.
Жиын барысында «Atasu group» ЖШС өкілі Аманбай Тілеушин Алтынкөл станциясына вагондарды иесіздендіру бойынша жеткізуде мәселелер барын айтты.
«Біз «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ басышалырмен бірнеше рет кездесіп, біздің фитингілік платформаларымыз жүкті ауыстырып тиейтін орындарға кететінін, ал бұл фактіні қозғалмалы составтың иелері ретінде ең соңында еститінімізді айтқанбыз. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына аталған мәселені тез арада шешуды сұраймын», – деп атап өтті Аманбай Тілеушин.
Осы ретте Қанат Әлмағамбетов «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын көтеруге қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді, атап айтқанда клиентке бағдарлануға басымдық берілмек.
«Жуық арада «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ жанында жүктерді тасымалдау және клиенттер өтінімдерімен жұмыс істеу жөнінде жұмыс тобы құрылады», – деді Қанат Әлмағамбетов.
Экспедиторлар мен вагон иелері Қытай Халық Республикасынан контейнерлі пойыздарды ұйымдастыру бойынша түйткілдер барын жеткізді.
Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, аталған тасымалдар барлық мүдделі ұйымдар үшін ашық. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрақты негізде контейнер тасымалы үшін қолайлы жағдайлар мен икемді тарифтік саясат құру жұмыстарын жүргізуде.
Жиын қорытындысы бойынша теміржол саласында бірлескен зерттеуді қажет ететін бірқатар мәселелер анықталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: